Жаңартылған білім мазмұнына сәйкес қазақ тілі мен әдебиет сабақтарындағы оқытудың жаңа әдіс-тәсілдері

Страницы: <<  <  4 | 5 | 6 | 7  >  >>

ықтандыру.
Нәтижесінде: танымдық дәрежесі артып, өз ойын еркін, көркем тілмен жеткізді, берілген білімді игеруде мақсатты нәтижеге қол жеткізді.
Білім игеру үдерісі - белсенді үдеріс. Ол тек әрекет арқылы ғана жүзеге асырылады. Бұған қоса іс-әрекеттердің түрлері мен өзіндік дәрежесі неғұрлым көп және жоғары болса, білім игерудің тиімділігі де арта түседі. Белсенді әрекеттер дегеніміз өздігімен түсіну, таңдау, талдау, шешім қабылдау, жаңа мазмұн құрастыру, өз біліміңді бағалауға негізделген ойлану, талқылау, өз пікірін қалыптастыру, оны дәлелдей және қорғай білу, пікір алмасу өзімен таластыру, өзгенің пікірін тыңдап, оны қабылдау, өз пікірін жазу секілді жеке және бірлескен жұмыс түрлері. Тұлғаны жан-жақты дамыта түсіп, оның білім меңгерудегі кеңістігін кеңейтетін белсенді әрекеттер студенттің өздік жұмыстарды орындау кезінде орын алады. Оқушылар ізденіс, зерттеу және талдауға негізделген шығармашылық жұмыстарға да жұмылдырылады. Оларға ұсынылған жұмыстар ізденіс пен зерттеуге, талдау мен сараптауға сүйенетін, өзіндік тұрғыдан орындалатын шығармашылық жобалар қатарында болуы керек. Сонда ғана қазақ тілін оқытудың әдістемелік негіздері практикалық тұрғыдан игеріледі. Сол арқылы оқушы өзін сабақтың тыс бақылаушысы емес, оның белсенді қатысушысы ретінде таниды. Өз кезегінде бұл жайт оның белсенділігін арттырып, пәннің мазмұнын толық игеруге деген ынтасын жоғарылатады. Білікті ұстаздан тәлім алған бүгінгі шәкірт, ертеңгі шәкірттің ұстазы. Сондықтан бүгінгі оқушыға немқұрайлылықпен қарамай, толыққанды біліммен қарулануы жоғары оқу орнында егжей-тегжейлі қадағалануы тиіс. Білім бағдарламасының аясынан тыс оң тәрбиелер де осы құзырлы орында берілуі қажет. Олардың бойына ұлттық құндылықтарды сіңіру арқылы елжандылыққа бағыттай аламыз. Бойына ұлттық қадір-қасиетті дары

Страницы: <<  <  4 | 5 | 6 | 7  >  >>
Рейтинг
Оцени!
Поделись конспектом: