Жаңартылған білім мазмұнына сәйкес қазақ тілі мен әдебиет сабақтарындағы оқытудың жаңа әдіс-тәсілдері

Страницы: <<  <  1 | 2 | 3 | 4 | 5  >  >>

рі мен оның тәсілдерін өздік жұмыстар арқылы орындап үйренсе, педагогикалық практикасын нәтижелі жүргізе алады. Қазақ тілінің салаларын, жекелеген тілдік категорияларды оқыту жайына келер болсақ, баса назар аударуды керек етеді. Біздің пәніміздің ерекшелігі осыларды қалай оқытамыз деген мәселенің төңірегінде. Осы тілдік категорияларды оқытудың амал-тәсілдері, жолдары қарастырылып, әдістемесі жасалып келді. Қазақ тілін оқытуға арналған бір-екі әдістің түрін көрсетуге болады. Мысалы, Дамыта оқытуда тиімділік танытып жүрген әдіс – «Болжау» әдісі. 7-сынып оқулығында «Құмырсқа өркениеті» деген мәтін берілген. Бұл мәтін - көлемді мәтін. Бірақ біз сыныпта жұмыс жүргізуіміз үшін оны қызықты етіп тез меңгертуіміз қажет. Осы тұста «Болжау» әдісін қолдану тиімді. Ол үшін мәтінді белгілі бөліктерге бөлеміз. Бірінші бөлімді оқып шыққан білім алушыларға проблемалық сұрақтар дайындалады. Бұдан әрі автор не жазды деп ойлайсыңдар? Егер өзің автор болсаң әрі қарай не жазар едің? Болжамдар көп айтылған сайын оқушылардың мәтінге қызығушылығы оянады. Әрі қарай не жазылғандығын білуге асығады. Әр оқушының немесе студенттің ойын білгеннен кейін мәтіннің келесі бөлімі оқуға беріледі. Әрі қарай тағы да болжамдар айтылады. Соңғы бөлімді оқу арқылы алған білімге синтезделеді, тұжырым жасалады. Мәтінді меңгеріп болғаннан кейін өтіліп жатқан грамматикалық білімге байланысты тапсырмалар беріледі. Бұдан әрі қарай ізденімдік тапсырмаларды беруге болады. Мәселен, үйге тапсырма: Осы мәтінге байланысты әрі қарай ізденімдік-зерттеушілік жұмыстар жүргізу. Бұл әдіс түрі білім алушынының сабаққа қызығушылығын арттырады, ойын дамытады, танымдық қабілетін арттырады, ізденімдік жұмыстар жүргізе білуге дағдыландырады, ойын еркін жеткізуге дайындайды. Нәтижесінде: дүниетанымы кеңейіп, өз бетінше шағын зерттеушілі

Страницы: <<  <  1 | 2 | 3 | 4 | 5  >  >>
Рейтинг
Оцени!
Поделись конспектом: