ік жұмыстары жоғары деңгейде ұйымдастыруды қажет етеді. Практикалық тұрғыда дағды мен іскерліктің ұштастырылуы негізінде айтылған құндылықтарды оқушы осы тұста игеруге мүмкіндік алады. Дағды мен іскерлік дегеніміз - алған білімін практика жүзінде қолдана алуы. Оқытудағы «Өмірмен байланыстылық» ұстанымының салмағы да осы тұста екшелене түседі. Теорияның практикамен, өмірмен байланыстылығы оқытудың негізгі практикалық мақсатын көздейді, ол мақсат қоғам өмірінің мұқтажымен, талап, шарттарымен белгіленеді. Мектепте тиісті білім көзі оқытудың міндеттерін шешумен қатар, білім алушылардың болашақ мамандығының кәсіби міндеттерін шешуде үлкен рөл атқарады. Сондықтан өздік жұмыстардың маңыздылығы айқындалады. Қазақ тілін оқыту әдістемесі пәнінің басты мақсаты қазақ тілін тиімді оқытудың жолдарын қарастыру, пәннің танымдық, тәрбиелік, дамытушылық мақсаттарын іске асыру болғандықтан, болашақ маманның пәнді игеру деңгейі, саналылықпен білім алуы, оқытудың неғұрлым пайдалы, үнемді және тиімді әдістері мен тәсілдерін зерттеу, сипаттау және әдістеменің шарттары туралы мәселелерді талдап, қамту көзделеді. Пән бойынша берілетін теориялық білім тәжірибе арқылы бекітілуі, яғни, іскерлік пен дағдыға айналуы тиіс. Бұл орайда әдіскер З. Бисембайқызының: « Дағдыға, іскерлікке айналмаған білім тез ұмытылады», - деген тұжырымы құптарлық. Дағдыны адамның әрекетті орындау үдерісіндегі саналы түрде жасайтын әрекеттерінің дағдыланған бөліктері ретінде қарастыратын болсақ, біз қазақ тілін оқыту әдістемесі бойынша практикалық сабақтардың мәнін салмақтаймыз. Үйретілуге тиісті бөлшектер мен ірі білік-дағдылардың жүйелі түрде еңсерілетін тұсының осы екенін айтқымыз келеді. Білім алушы қазақ тілін оқыту әдістемесінің ғылым ретіндегі нысанын, мақсат, міндетін, талаптарын анықтағаннан кейінгі зерттеу әдісте
Страницы: << < 1 | 2 | 3 | 4 > >>