Жаңартылған білім беру мазмұнындағы жаңаша бағалау

Страницы: 1 | 2 | 3  >  >>

Жаңартылған білім беру мазмұнындағы жаңаша бағалау.
Еліміздегі білім саласындағы елеулі өзгерістердің бірі бұл- жаңартылған оқу бағдарламасы. Осы жаңартылған білім мазмұнына байланысты мен де білім жетілдіру курсынан өтіп, қазіргі кезде 1-сыныппен жұмыстанып келемін. Жаңартылған білім мазмұны- жаңа бағдарлама бойынша мұғалімнің өзінен бастап жаңару, өзгеру, жаңаша көзқараспен қарау қажеттігі. Оқу бағдарламасын меңгеру аясында әр оқушы- өз ойын еркін айтатын, өзіне сенімділігі берік, сыни тұрғыдан ойлау қабілеті дамыған, зерттеу жұмысын жүргізе алатын, топпен және жеке жұмыс жасай білетін, ақпараттық- коммуникациялық технологияларды пайдалана білетін жеке қалыптасқан тұлға ретінде дамиды.
Бастауыш сыныптардың негізгі міндеті - жеке тұлғаны дамытып, білімге және оқуға деген сенімін нығайту, іскерлік пен дүниетанымын қалыптастыру, оқуға деген қызығушылығын оятып, ынтасын арттыру болып табылады. Бастауыш сыныптар бойынша жаңартылған оқу бағдарламасының ерекшелігі- пән бағдарламасының спиральді қолданыспен берілуі. Сабақ құрылымы мен үрдісінің , сабақты бағалаудың өзгеруі- бұл мұғалім жұмысын анағұрлым жеңілдетеумен қатар, әр сабақтың өз дәрежесінде өткізілуі, сабақ мақсатының нақты да айқын және қолжетімді болуы мұғалімнен үлкен жауапкершілік пен әр сабағына мұқият дайындалуды қажет ететіндігін байқатты. Сонымен қатар жаңартылған білім беру барысындағы оқушылардың білім-білік ағдыларын бағалау жүйесі де түбегейлі өзгерді. Қазіргі жаңа білім мазмұнына орай енгізілген критериалды бағалау әдісі арқылы бастауыш сынып оқушыларының білімге қызығушылығын оятып, белсенділігін арттырудағы мақсаттары мен міндеттеріне тоқталып оны жүзеге асыру жолдары қарастырылған. Критериалды бағалау әдісі арқылы біз- оқушының ең алдымен қызығушылығын оята аламыз, белсенділігін арттырамы

Страницы: 1 | 2 | 3  >  >>
Рейтинг
Оцени!
Поделись конспектом: