ісін ұйымдастырудың және оқу материалын меңгерудің ерекшеліктерін анықтау үшін мұғалім, оқушы және ата-ана арасында кері байланысты қамтамасыз ету.
Критериалды бағалаудың маңызы:
Мұғалімдер үшін:
:: Сапала нәтижеге әкелетін критерийлер құрастыруға;
:: Өз іс-әрекетін саралап және болашаққа жоспарлай алатын мәліметтер алуға;
:: Сабақ берудің сапасын арттыруға;
:: Оқушының жеке ерекшеліктерін ескере отырып, оқытудың әр тұлғаға арналған ауқымын жоспарлауға;
:: Бағалаудың әртүрлі әдістерін пайдалануға;
:: Оқу бағдарламасын қолжетімді ету үшін ұсыныстар енгізуге
Оқушылар үшін:
:: Танымдық қабілеті мен ойлау деңгейін арттыратын оқытудың әртүрлі әдістерін пайдалануға;
:: Табысқа жетелейтін бағалау критерийлерін түсінуге;
:: Өзін және өзгелерді бағалау арқылы кері байланысқа түсуге;
:: Сыни ойлауына, еркін ойын айтуына, өзінің білімін көрсетуге;
Ата-аналар үшін:
:: Баласының білім сапасының дәлелдемелерімен танысуға;
:: Оның оқуындағы табыстылықты бақылауға;
:: Оқуына қолдау көрсету үшін бағыт алуына мүмкіндік туғызады.
Сөзімді қорытындылай келе, критериалды бағалау -- бүгінгі білім жүйесіндегі жаңа талап. Оқушы сын тұрғысынан ойлау арқылы алдына мақсат қоя біледі. Әрі нәтижеге жетуге үлкен талпыс болатынын уақыт байқатып отыр. Сондықтан маңызды істі жауапкершілікпен атқарғанда ғана жұмыс жүйеленетіні белгілі.
Пайдаланған әдебиеттер:
1. "Бастауыш сынып мұғалімдеріне арналған критериалды бағалау бойынша нұсқаулық" . Оқу-әдістемелік құрал. Астана,2016.
2. "Мұғалімге арналған нұсқаулық"21-23бет.
Страницы: << < 1 | 2 | 3