Жаңа технологияның оқушының математикаға қызығушылығын арттырудағы ролі

Страницы: <<  <  1 | 2 | 3 | 4  >  >>

жағдайларды қарапайым математикалық фактілермен салыстыра отырып қорытынды жасай алса пәнді оқыту өзінің ең басты мақсатына жетті деп айтуға болады. Оқытудың мақсаты - оқушы өзін-өзі жеке-тұлға, үнемі іздемпаз нақты сұрақ қоя алатын сонымен бірге сұраққа ұтымды жауап бере алатын тұлға ретінде сезінуі керек.
Математикадан есеп шығара білсе негізгі мәселе шешілді деп ойлайтынбыз. Барлық тақырыпқа байланыста есеп шығара білуге дағдыланған оқушылармыз әртүрлі олимпиада, сайыстарға барып нәтиже көрсете алмағанда ол пікірдің қате екеніне көзіміз жетіп отыр. Есеп шығару - ол математикалық іс-әрекеттің басы ғана екен. СТО бағдарламасы бойынша жұмыс істей бастағаннан бастап пәнді оқытуға деген көзқарасым мүлдем өзгерді. Сабақ барысында бірлесіп топтарда жұмыс жасау, өзі белгісіз, зерттегісі келетін мәселелерге нар тәуекел ету, жазбаша және ауызша ой алмасу, бүгінгі күн оқушыларының әдеттегі дағдысына айналды.
Мектептің 7-сыныбында "Геометрия" пәні басталады. Осы пәнді оқытуда мен СТО әдістерін пайдалана бастадым. Алғашқы ұғымдарды, негізгі анықтамаларды өткеннен кейін "Сыбайлас бұрыштардың қосындысы" және "Вертикаль бұрыштардың теңдігі" теоремаларын оқушылардың өздеріне дәлелдеттім, оқушылардың өздерінде сенімділік пайда болды. Сабақ барысында білгісі келу қажеттілігі туды, өз бетімен үйренуге деген талпыныс артты, топтарда белгілі бір математикалық орта пайда болды.
Сонымен қатар, 7-сыныптағы "Алгебра" сабағынан қысқаша көбейту формулалары тақырыптарын өткендн оқушылардың өздеріне, "Екі өрнектің қосындысының квадраттарын", "Екі өрнектің квадраттарының айырмасын", "Екі өрнектің айырмасының кубтарын" қорытып шығаруды тапсырдым. Алдыңғы сабақтарда өткен көп мүшені көп мүшеге көбейту ережесін па

Страницы: <<  <  1 | 2 | 3 | 4  >  >>
Рейтинг
Оцени!
Поделись конспектом: