Жаңа технологияның оқушының математикаға қызығушылығын арттырудағы ролі

Страницы: 1 | 2 | 3  >  >>

Жаңа технологияның оқушының математикаға қызығушылығын арттырудағы ролі
Еліміздің мәртебесінің биік болуы қоғам мүшелерінің, келешек ел болашағы - жас ұрпақтың белсенділігі мен іскерлігіне байланысты. Қазіргі заманғы білім беруге қойылатын басты талап - оның сапасын арттыру.
Орта білім берудің мақсаты - жедел дамып келе жатқан әлем жағдайында алынған терең білімнің кәсіби дағдыларының негізінде, өз бағытын еркін анықтайтын, өз мүмкінділіктерін іске асыра алатын, өзін-өзі дамыта алатын және өз еркімен дұрыс, адамгершілікті-жауапты дербес шешім қабылдайтын жеке тұлғаны қалыптастыру. (ҚР-ның 2015 жылына дейінгі білімді дамыту тұжырымдамасы).
Жеке тұлғаны қалыптастыруды дамыту мен жан-жақты терең білім беру мақсатында баланы оқыта отырып, оның еркіндігін, белсенділігін қалыптастыра отырып, өз бетінше шешім қабылдауға дағдыландыру. Бүгінгі күн талабы оқытудың жаңа технологияларын енгізу, білім беруді ақпараттандыру, халықаралық ғылымдық-коммуникациялық желілерге шығу екендігі Қазақстан Республикасының "Білім туралы" заңында белгіленген.
Жеке тұлғаны даярлау үшін қазіргі дидактикалық мүмкіндіктерді, жаңа идеяларды және білім беру технологияларын пайдалану керек. Мұндай технологиялар қатарына "Оқу мен жазу арқылы Сын тұрғысынан Ойлауды Дамыту" (СТО) бағдарламасы, М. Жанпейісованың "Модульдік оқыту технологиясы" және т. б. жатқызуға болады.
Оқыту аса күрделі іс-әрекет, сондықтан да оған дайын рецепт болуы мүмкін емес. Дегенмен де RWCT немесе СТО ("Оқу мен жазу арқылы Сын тұрғысынан Ойлауды Дамыту") технологиясының оқыту әдістері көп проблеманың түйінін шешуге көмектесетінін қазіргі кезде көршілік мойындады.
Оқушы өзі білетін математикалық ұғымдарды ойша қорыта біліп, бір қарағанда көрінбейтін түсініксіз

Страницы: 1 | 2 | 3  >  >>
Рейтинг
Оцени!
Поделись конспектом: