Білім беру саласы: Шығармашылық
Оқу іс - әрекеті: Жапсыру
Тақырыбы: Жаңа жылдық ашық хат
Мақсаты: балаларды ашық хатты өз қолдарынан дайындауға үйрету; әртүрлі әдіс - тәсілдермен жапсыруды, сәндік материалдарды дұрыс таңдап қолдануды меңгеру; балалардың эстетикалық талғамын арттыру.
Көрнекілік: әртүрлі жаңажылдық ашық хат үлгілері, түрлі түсті қағаздар, қатырма қағаз, қайшы, желім, қол орамал.
Тәрбиешінің іс - әрекеті
Балалар шаттық шеңберіне тұрып амандасайық.
Қыс келді, қыс келді,
Ақтарды ақ қарды.
Ақ қарды шимайлап,
Шаңғымен сызалық.
- Қыс мезгілінің басқа жыл мезгілдерінен ерекшелігі қаңдай?
- Қыс мезгілі сендерге несімен ұнайды?
Суда мұз бар,
Жерде қар бар,
Боран борап соғады.
Бөбектерім, айтыңдаршы.
Бұл қай кезде болады? (Қыс)
Шарты: Балалар шеңберге тұрады, әр бала кезекпен ортаға шығып, қимылды қозғалыс жасайды, қалған балалар шешуін табуы керек. Бірнеше (шаңғы, коньки тебу, шанамен сырғанау, т. б. ) қимылдар көрсетіледі.
Балалардан алдымызда қаңдай мереке келе жатқанын сұрап, оған балалардың қаңдай дайындық жасап жатқанын сұрайды.
Жаңа жыл мерекесінің басқа мерекелерден айырмашылығын сұрап, балалардың өздерінің Жаңа жылда қаңдай сыйлық алғылары келетінін білу. Мерекелерде адамдар бір - біріне құрмет көрсетіп сыйлықтар сыйлайды. Сыйлықтың ең жақсысы өз қолыңнан бұйым жасап, жақыныңа мерекеде сыйға тартып, қуанту. Балаларға достарына, туыстарына мерекеде сыйға тартатын ашық хат дайындауды ұсынады. Ашық хаттың сыртқы бетіне қағаз түсі таңдалады. Балаларға үлгі ретінде ашық хаттың жасалу жолын көрсетіп, жапсыру жұмысын тиянақты, мағыналы орындау керектігін түсіндіреді.
Тербеледі шыршалар,
Алдымнан жел еседі.
Кіп-кішкентай шыршалар,
Үп - үлк
Страницы: 1 | 2 > >>