рекетіОқушылар әрекеті
ІМұғалім оқушыларды тыныштыққа орнатып, оқушылардың сабаққа дайындығын тексереді. Тәртіпке келеді де, сабаққа даяр отырады.
ІІЕң алдымен мұғалім оқушылардың дәптерлерін тексеріп, сосын орындаған тапсырмаларды тексереді. Қателіктерін айтады.
Одан кейін балаларға келесі сұрақтарды қояды: 1. Африканың жер бедерінің қандай өзіндік ерекшеліктері бар?
2. Африкада қандай пайдалы қазбалар бар?
3. Африканың шайып жатқан мұхиттары қандай?Мұғалімге өз дәптерлерін тексеруге береді. Сосын Африканың таулар мен жазықтарын көрсетіп, тауларды жату бағыттарын анықтайды. Одан кейін сұрақтарға жауап береді:
1. Материкте 200-1000м болатын үстірттер басым, солтүстік-батыстан оңтүстік-шығысқа қарай көтеріңкі болып келеді, т. б.
2. Мыс, мырыш, қалайы, уран, алтын, алмас, тұз, боксит, марганец, темір, көмір, т. б.
3. Атлант пен Үнді мұхиты.
ІІІЕң алдымен мұғалім Африка қандай ендіктер арасында орналасқан? Географиялық орнына қарай Африканың қандай қысым белдеулері кесіп өтеді? деген сұрақтарды қояды. Одан кейін Африканың географиялық орнының ерекшелігіне сәйкес экватордан басқа климаттық белдеулер екі реттен қайталанады. Сосын балаларды топтарға бөліп, климаттық белдеулер тақырыпшасын оқып шығыңдар деген тапсырманы береді. Оқушылар сұрақтарға жауап беріп, мұғалімді тыңдайды, білген білімдерін еске түсіреді.
Тақырыптық карта көмегімен Африканы кесіп өтетін климаттық белдеулерді атап, оларды картадан көрсетеді.
Сосын топтарға бөлініп, оқулық мәтінін оқып, тақырыптық карталарды пайдаланып, білімдерінді өз беттерінше меңгереді, және басқаларға сұрақтарды дайындайды.
ІVМатериалды бекіту кезеңінде оқушылар оқыған тақырыптарын, яғни, климаттық белдеулерді белгілі жоспар бойынша тақта алдында сипаттайды, және бір-біріне сұра
Страницы: << < 85 | 86 | 87 | 88 | 89 > >>