География сабақ жоспарлары

Страницы: <<  <  71 | 72 | 73 | 74 | 75  >  >>

нканың су жинау алабының ауданы Аустралия жерінен аз ғана кем екенін айтқан жөн, оның 5 млн. км2-ден астамын Амазонка ойпаты алып жатқанын айтады. Амазонка өзенінің су жинау алабына Амазонка ойпатынан басқа, Анд тауларының шығыс беткейі, Гвиана таулы үстіртінің оңтүстік беткейлері және Бразилия таулы үстіртінің солтүстігі мен орталығы жатады. Өзеннің негізгі ағысы экватор және 50 о. е. аралығында жатыр, онда жылына 1500-3000 мм жауын-шашын жауады. Амазонканың ең ірі салалары – Мадейра мен Риу-Негру. Амазонканың суы сарғыш және үнемі майлы келеді. Мұхитқа құйған тұсында өзен суы сағадан 300 км ұзағанға дейін сарғайып көрінеді. Өзен бір жыл ішінде мұхитқа 1 млрд тонна шамасында тұнба жыныстар алып келеді. Мұхитқа құяр жерде өзен арнасы ұлан-байтақ атырауға айналып қалады.
Мұнан кейін мұғалім Оңтүстік Америкада көлдердің аз екенін айтады. Солтүстікте бөлініп қалған тұйық көлдер Анд тауларының оңтүстігінде мұз бен жанартаулардан пайда болған шаығн көлдер бар. Материкте тектоникалық жолмен пайда болған аса ірі көл – Титикака (үндістер тілінен аударғанда «қорғасынды немесе қалайлы тау» деген сөз) орналасқан. Көл ағынды болғандықтан суы тұщы келеді. Титикака көлінің түбінде қалған қазына жөніндегі инктердің аңызы бар. Инктердің бір аңызы бойынша қазынаны испан конкистадорларының қолына түсірмеу үшін үндістер барлық алтынды жинап алып, орасан зор шынжыр құйған да, өздері түбі жоқ деп есептеген көлге тастаған. Жак Ив Кусто бастаған техника жағынан жақсы жабдықталған француз экспедициясы екі шағын қайықпен сегіз апта бойы іздеп, Титикака көлінің ешқандай да құпиясы жоқ екенін анықтады. Экспедиция «түпсіз» көлдің тереңдігі 320м екенін дәлелдеді.
Сосын айтылатын барлық көлдерін, өзендерді, сарқырамаларды картадан оқушыларға көрсетеді.
Сосын материктің табиғат зоналар

Страницы: <<  <  71 | 72 | 73 | 74 | 75  >  >>
Рейтинг
Оцени!
Поделись конспектом: