уші Джон Кабот Атлант мұхиты арқылы Солтүстік Америка жағаларына жетіп, Ньюфаунленд аралы мен Лабрадор түбегі жағалауын ашты.
- 1519ж испандық жаулап алушы Эрнан Кортес басқарған экспедиция қазіргі мексика жерін жаулап алып, испан билігін орнатады.
- 17 ғ-да ағылшын саяхатшылары Генри Гудзон және Александр Макензи материктің солтүстік және шығыс жағалауларын ашады.
- 1741ж орыс саяхатшылары Витус Беринг пен Алексей Чириков Солтүстік Американың солт-батыс жағалауларын зерттеп, Алеут аралдары мен Аляска жағалауларына келеді.
- 20 ғ-ң басында норвег поляр зерттеушісі Рауль Амундсен алғаш рет материктің солтүстік жағалауымен жүзіп өтіп, Жердің солтүстік магниттік полюстің орнын анықтады.
Солтүстік Американың жер бедері тақырыбын физикалық картадан Солтүстік Американың жер бедерінің қандай пішіндері басым екенін және «Жер қыртысының құрылысы» картасы бойынша материк ежелгі қандай платформада орналасқанын анықтауға тапсырма беруден бастайды.
Кордильера тауларының пайда болуын мұғалім литосфералық тақталар теориясына сәйкес Солтүстік Америка тақтасы мен Тынық мұхит тақтасының соқтығысу нәтижесінде пайда болғанын түсіндіреді. Мұғалім оны Канаданың Арктикалық архипелагы, Гудзон шығанағы мен бұғаздар жүйелері қалыптасуы мысалында түсіндіреді. Келесі айтылатын мәселелер материктегі пайдалы қазбалардың таралуындағы заңдылықтарды ашу. Кен орындарының пайда болуындағы жер қыртысының қалыптасу тарихы мен жер бедері пішіндерінің арасындағы байланыстарды анықтау. Яғни, Орталық және Ұлы жазықтардың шөгінді жыныстарында және Миссисипи ойпатында мұнай мен газ, тас көмірдің, ал Аппалач пен Кордильера тау жүйесінің қойнауларының магмалық жолмен пайда болған түсті металдарға, алтын мен уранға бай болып келетіндігін түсіндіреді. Жарты шарлар және Солтүстік Америка
Страницы: << < 45 | 46 | 47 | 48 | 49 > >>