Фосфор элементі

Страницы: <<  <  5 | 6 | 7 | 8 | 9  >  >>


Сын тұрғысынан дамыта оқыту технологиясы элементтерін пайдаланған 8 сыныптарда "Оттектің химиялық қасиеттері, Жану"тақырыбында өткізген сабағымнан үзінді келтірмекпін.
Сабақтың тақырыбы: 22 Оттектің химиялық қасиеттері. Жану.
Сабақтың мақсаты: Білімділік: Оттектің химиялық қасиеттерін түсіндіру. Жану процесінің мағынасы мен мәні жайлы оқушылардың көзқарастарын дамыту.
Дамытушылық: Оқушының өзіндік ізденуін ұйымдастыру және танымдық іс-әрекеттерін жетілдіріп, білімді тиянақтауға үйрету.
Тәрбиелік: Оқушыларды ұйымшылдыққа, ізденімпаздыққа тәрбиелеу.
Сабақтың түрі: аралас сабақ
Сабақтың әдісі: интерактивті оқыту әдісі. СТО
Көрнекілігі: интерактивті тақта, видеофильм, кеспе суреттер, бөлме гүлі, көмір, күкірт, реактивтер.
Сабақтың барысы:
1. Ұйымдастыру кезеңі.
2. Үй тапсырмасын тексеру
3. Жаңа сабақ игеру
4. Жаңа сабақты бекіту.
5. Бағалау
6. Үйге тапсырма.
1. Ұйымдастыру бөлімі. Оқушыларды тексеріп, сабаққа назарын аудару (психологиялық дайындық). Үй тапсырмасына шолу
1. Сұрақ қоюшы топ
2. Ауызша топ
3. Жазбаша топ
Ауызша топ.
1-оқушы. Үйге берілген сабақтың мақсатын хабарлайды. Оттектің физикалық қасиетін сипаттау, өнеркәсіпте және лабораторияда алу жолдарын түсіндіру.
2-оқушы. Оттек - иіссіз, түссіз ауадан сәл ауыр газ. Суда нашар ериді. Өнеркәсіпте оттекті көп мөлшерде сұйық ауаны айдау арқылы алады. Сұйық оттекті арнайы екі қабырғалы термостат - Дьюар ыдысына құйып сақтайды. Газ күйіндегі оттекті көкшіл түске боялған болат болондарда 1-1,5 кПа қысымда сақтайды. Лабораторияда оттекті құрамында оттек мол болатын әрі қыздыру кезінде тез айырылатын күрделі заттардан: калий перманганаты, калий хлораты, су, т. б. алады. Оттекті лабораторияда ауаны, суды ығыстыру

Страницы: <<  <  5 | 6 | 7 | 8 | 9  >  >>
Рейтинг
Оцени!
Поделись конспектом: