Калыкова Б. К
Ақмола облысы Бұланды ауданы Макинск 5 ОМ
ФИЗИКА ЖӘНЕ ИНФОРМАТИКА СПОРТ АЛАҢЫНДА
8-9 сыныптар аралығында (эстафеталық жарыс).
Мақсаты:
Білімділік: Оқушының алған білімін нақтылап, оны өз дәрежесінде көрсете білуге үйрету.
Дамытушылық: Сайысқа қатысқан әрбір оқушы өз білімін толықтырып, оны әрі қарай жүйеге келтіру. Салауатты өмір салтын қалыптастыру, түрлі ойындар мен қызықты логикалық есепті шығару арқылы оқушының абстракциялық ойлау қабілетін дамыту.
Тәрбиелік: Оқушының ой-өрісін кеңейте отырып, тәртіптілікке, ұқыптылыққа, адамгершілікке, шапшандыққа, өз ойын ашып айтуға үйрету.
Сабақтың түрі: Жарыс сабағы, командалық сайыс түрінде.
Пәнаралық байланыс: математика, информатика, еңбек, музыка, денешынықтыру.
Көрнекіліктер: доп, шарлар, кедергілер (геометриялық фигуралар), сумен толтырылған шелек, планшет, интерактивті тақта, скакалка (секіргіш), ысқырғыш (свисток), маркерлер.
Сабақтың барысы:
1. Ұйымдастыру кезеңі
2. Сайыстың кезеңдері
І. Әр топ өзін - өзі таныстыру (ұран, эмблема)
ІІ. "Кім жылдам?"
ІІІ. Есептеп көр ерінбей
IV. Жорға. (қаппен секіру)
V. Паровоз.
VI. Сутасушы (водавоз)
VII. Бақалар сайысы.
1-жүргізуші:
Сәлеметсіздер ме, халайық,
Сайыстың бетін ашайық.
Сұраққа шешу табайық,
Жер ұйығы білімнің,
"Физика және информатика" ғылымдарының,
жеріне барайық.
Бұл думанды кеште біз,
Нәр білімді, бар өнерді
Көрсетіп бір қалайық
2-жүргізуші:
Тынышталып, тыңдаңыздар!
Назар салып қараңыздар.
Физика мен информатикадан басталмақшы,
"Физика және информатика спорт алаңында"
Эстафеталық жарысын.
Көргендер де армандар,
Көрмегендер де армандар,
Босқа қарап
Страницы: 1 | 2 | 3 > >>