Физика және информатика спорт алаңында

Страницы: <<  <  1 | 2 | 3 | 4 | 5  >  >>



1-"Қайсар" тобы
Армысыздар, ағайын!
Бармысыздар, бауырлар!
Ағайын тілін табайын,
Жеңілдер сұрақ ауырлар,
Есенсіздер ме, ұстаздар?
Ойыңызда мықты ұстам бар,
Құрметке ие үлкендер.
Батаңды бізге үлкен бер,
Кешке келген сайланып.
Отырам деп жайланып,
Отырған анау ойланып.
Бәріңізге мың сәлем!
Бұл сайысты көптен бері күткенбіз,
Жалындаған жаспыз гүл көктембіз.
Мақсатымыз биіктерден көріну,
Біз сол үшін маңдай терді төккенбіз.
Армандарға қол созумен келеміз,
Білім теңіз жүзіп келеді кемеміз.
Білімменен қаруланған тобымыз,
Қарсыласты қалай да біз жеңеміз.
Ұраны:Математик, физикпіз,
Шетінен ойлы жүйрікпіз.
Жеңіс үшін "Қайсар" алға,
Қарсыластан қалма!
2-"Қайтпас" тобы
Бүгін үлкен қуаныш барша үшін,
Жүректе бар әнменен әсем гүлің.
МИФ апталығы басталды деп,
Айтамыз қуанышты мектеп үшін,
Құттықтаймыз шын жүректен баршаңызды!
Әндетейік жырлайық ұлы күнді,
Апталықтың мезеті жақсылыққа ,
Тола берсін демекпіз асыл нұрға,
Қасиетті аяулы ұлағатты,
Бас иеміз құрметті ұстаздарға!

Шақырып жарыстарға сан саналды,
"Қайтпас" топ жалындап жар салады.
Ту етіп достықпенен татулықты,
Қарсылас "Қайсар" тобын қарсы алады.

Тобымыз биіктерде шарықтасын,
Жеңісіміз көк аспанда қалықтасын.
Жеңіс туы желбіреп алауласын,
Жеңісті бізден ешкім ала алмасын!
Ұраны:Көңілден әнді тербейміз,
Біліммен өсіп гүлдейміз.
Біз ешқашан осал емеспіз,
Намысты қолдан бермейміз!
2-жүргізуші:әділқазылар ұпай сандарын айтып жіберіңіздер.
Жарыстың ІІ-кезеңі. "Кім жылдам?". Бір қолымен баскетбол добын соғу арқылы, кедергілер арқылы өтіп,

Страницы: <<  <  1 | 2 | 3 | 4 | 5  >  >>
Рейтинг
Оцени!
Поделись конспектом: