Физика және информатика спорт алаңында

Страницы: <<  <  1 | 2 | 3 | 4  >  >>

жүргенше,
Қызықтан тыс қалмаңдар!

1-жүргізуші:
Жарыстың жалауын көтеріп,
Әлемге жар саламыз.
Қарсылық егер болмаса,
Эстафеталық жарысты бастаймыз.

2-жүргізуші:
Құрметті ұстаздар, оқушылар! "Физика және информатика спорт алаңында" эстафеталық жарысының шымылдығын ашу кезегін әнге берейік. . . . . .

1-жүргізуші:
Құрметті ұстаздар, оқушылар біздің "Физика және информатика
спорт алаңында" атты эстафеталық жарысқа қош келдіңіздер!
Ойдың білім атасы,
Көрегенді данасы.
Көп алғысы бар батасы,
Әділқазы алқасы,-деп сайысымыздың алғашқы қадамын бастамас бұрын, әділқазылар алқасымен таныстырып өтейік.
Мектеп директоры:
Мектептің оқу ісі жөніндегі орынбасарлары:
Мектептің тәрбие ісі жөніндегі орынбасары
Бірлестік жетекшілері және пән мұғалімдері мен бүгінгі жарыстың көмекшілері денешынықтыру пәнінің мұғалімдері:
Есепші: мектеп психологы.
2-Жүргізуші:
Сұраққа жауап беріп айтысайық,
Сауалды іліп алып тартысайық.
Бәрін айт та, бірін айт алдыменен,
Жобасымен сайыстың танысайық.
І. Әр топ өзін - өзі таныстыру (ұран, эмблема)
ІІ. "Кім жылдам?"
ІІІ. Есептеп көр ерінбей
IV. Жорға. (қаппен секіру)
V. Паровоз.
VI. Сутасушы (водавоз)
VII. Бақалар сайысы.
1-жүргізуші:
Үлгілі тәртіп, жақсы оқу,
Алға қойған мақсаты.
Әрқашанда мектепте,
Шығып жүрген жақсы аты.

Жиналған ылғи дарындар,
Жүректе от көздерінде жалын бар.
"Қайтпас", "Қайсар" топтарын,
Қол соғып қарсы алыңдар, - дей келе сайысымыздың бірінші бағыты бойынша әр топ өз-өзін таныстырып өтсін. Топ басшылары ортаға шығып, өз тобын таныстырады. Таныстыру кезеңін 5 балдық жүйемен бағалайсыздар.

Страницы: <<  <  1 | 2 | 3 | 4  >  >>
Рейтинг
Оцени!
Поделись конспектом: