Физика және информатика спорт алаңында

Страницы: <<  <  4 | 5 | 6

360 минутта неше сағат бар? (6 сағат)
2. Судың қатты күйі? (Мұз)
3. Айдың бетінде тұрып "аққан жұлдыздарды" көруге бола ма? (Жоқ, өйткені айда
атмосфера жоқ)
4. 1 жұмыртқаны 3 минутта пісірсе, 5 жұмыртқаны неше минутта пісіреді?(3 минут)
5. Қанттың салқын суға қарағанда ыстық суға тезірек еруі неліктен?
(Температура артқан сайын диффузияның жылдамдығы артады. )
6. Теңіз суы 0- та неге қатпайды? ( Тұзды судың қату температурасы 0- тан төмен)
Компьютер жанына қойылған өсімдік. (Кактус)
Сурет салуға арналған и программа. (Графиктік редактор)
Вирустың кері әсерін жоятын программа. (Антивирус)
10. Курсордың оң жағындағы символдарды өшіру пернесі. (Delete)
Әр топқа 10 сұрақтан қойылды. Әр сұрақтың жауабы 1 ұпай.
2-жүргізуші:
Біреу озса жарыста,
Біреу артта қалады.
Ренжімей тараса,
Озбағандар жарады.
Жарыс заңы ежелден,
Жеңімпазды анықтау.
Жеңімпаз болу шарты сол,
Еңбектену жалықпау.

Шеберлік пен білімді,
Сарапқа сап көріңіз.
Әділқазы алқасы,
Әділ баға беріңіз.
Әділқазылар бағасын бергенше музыкалық сәлемдеме. Жеңімпаз топ марапатталады.
2-жүргізуші:
Қадірлі ұстаздар, оқушылар сайыскерлер үшін атсалысып, уақыттарыңызды бөліп келгендеріңіз үшін мыңда бір рахмет айтамыз.
Ғылым дами берсін ғаламдағы,
Білімді үйренейік жаңа замандағы.
Аман сау тұрыңыздар осыменен,
"Физика және информатика спорт аланында" эстафеталық жарыс тәмамдалды.








Страницы: <<  <  4 | 5 | 6
Рейтинг
Оцени!
Поделись конспектом: