Эволюциялық ілім

Страницы: <<  <  56 | 57 | 58 | 59  >  >>

әсілге бөледі. Олар Австралоидтық, Негроидтық, Еуропоидтық және Монголоидтық нәсілдер деп аталады. Олардың өзі 30-дан астам ұсақ нәсілдерге бөлінеді. Кейбір құрлықтарда ірі нәсілдер бірлесе өмір сүргендіктен, олардың арасында некелесу жағдайынан аралас нәсілдер пайда болған.
Нәсілдердің пайда болуы туралы түрлі көзқарастар бар. Мысалы, неміс ғалымы К. Фогт казіргі адамдардың әртүрлі нәсілдері әр түрлі адам тәрізді маймылдардан пайда болған деген пікірді қолдайды. Соңғы кездегі генетикалық, биохимиялық зерттеу нәтижелері барлық нәсілдердің арғы тегі саналы адамнан басталғанын дәлелдеп берді.
Нәсілдер арасындағы негізгі айырмашылық адамдардың сыртқы түрінің өзгешілігіне: терісінің, шашының, көзінің түсінің, мұрынның, еріннің пішініне негізделген. Мұндай айырмашылықтар әрбір нәсілдің бір-бірінен айырмашылығы бар табиғи жағдайларда ұзақ уақыт өмір сүруінен пайда болған.
Бірқатар қоғамдық – экономикалық факторлар әсерінен, әртүрлі нәсілді халықтардың мәдени даму деңгейі түрліше болады. Әртүрлі нәсілдер арасында болатын некелесудің араласып кетуі нәтижесінде адам нәсілдерінің оқшаулануы және олардың арасындағы морфологиялық айырмашылықтары кеми береді.
Нәсілдердің шығу тегі мен араларындағы туыстық жақындықтарын, тарихи қалыптасуын және оларға сыртқы орта жағдайларының ықпалын нәсілтану ғылымы зерттейді. Бұл ғылымның зерттеу нәтижелері адамның пайда болуын ғылыми тұрғыда т. сіндіруге септігін тигізеді.
Казіргі кезде алдыңғы қатарлы ойшыл ғалымдар нәсілдердің шыққан тегі бір деп түсіндіреді.
Білімді тексеруге арналған сұрақтар:
Адам эволюциясының биологиялық қозғаушы күштері және олардың әртүрлі кезеңдегі ролі қандай?
Адам эволюциясының әлеуметтік қозғаушы күші және олардың әртүрлі кезеңдердегі ролі қандай?
Нәсіл түрлері Нәсілдің пайд

Страницы: <<  <  56 | 57 | 58 | 59  >  >>
Рейтинг
Оцени!
Поделись конспектом: