романьондықтар мен неандертальдықтар біраз уақыттар бойы қатар өмір сүрген, бұдан 28 мың жыл бұрын осы заманғы алғашқы адамдар яғни кроманьондықтар оларды ығыстырып шағарған.
Эволюция барысында олардан осы заманғы саналы адам Homo sapiens келіп шыққан.
Казіргі адамның пайда болуы, дамуы және қалыптасуы ұзақ уақытқа созылған өте күрделі құбылыс.
Казіргі кезде де жеке адамдарда болатын тұқым қуалайтын өзгерістер (яғни мутациялар) кездесіп тұрады. Ал оларды басқару, зиянды белгілердің болуынан сақтандыру тек биологиялық заңдылықтарды білу арқылы жүзеге асады.
Білімді тексеруге арналған сұрақтар:
Ертедегі адамдардың өте ертедегі адамдардан айырмашылығы неде?
Архантроптарға тән қандай құрылыс ерекшеліктері бар?
Австралопитектер мен архантроптарда қандай ұқсастық және қандай айырмашылық белгілері бар?
Адам эволюциясындағы еңбектің ролі қандай
Осы заманғы алғашқы адамдар эволюциясында қандай факторлардың әсері күшейе түсті?
Кроманьондықтардың неандертальдықтарды ығыстырып шығару себептері қандай?
15 лекция - Адам нәсілдері.
Дәрістің мақсаты: Кәзіргі кездегі планеталардағы адам нәсілдерінің түрлерімен, олардың негізгі айырмашылықтарымен, нәсілдерінің пайда болуы туралы көзқарастармен таныстыру.
Сұрақтар:
1. Нәсіл түрлері
2. Нәсілдің пайда болуы туралы көзқарастар
3. Нәсілдердің шығу тегі мен араларындағы туыстық жақындықтарын, тарихи қалыптасуын және оларға сыртқы орта жағдайларының ықпалын зерттеу.
Казіргі кезде жер ғаламшарында адамның бір ғана түрі – саналы адам тіршілік етеді. Адамның әртүрлі құрлықтарда тіршілік етуіне қарамастан олардың бәрінің де анатомиялық және физиологиялық ерекшеліктері бірдей тек сыртқы терісінің түсінде ғана айырмашылықтар бар.
Казіргі кезде бүкіл адамзатты төрт ірі н
Страницы: << < 55 | 56 | 57 | 58 | 59 > >>