іктерін жинаған, ал қарт адамдар құрал-саймандар дайындаған. Олар өздері аулаған жануарлардың терісін өңдеп, киім жасап киген.
Олар жер шарының көп аймақтарында қоныстаған Африканың солтүстік өңірінен табылған ертедегі адамның сүйектерінің қалдықтары Еуропадан табылған қаңқа қалдықтарына өте ұқсас, сондықтан да олар бір мезгілде өмір сүрген деген пікірлер бар. 1938 жылы атақты ғалым А. П. Окладников Өзбекстандағы тесіктас үңгірінен осы кезеңдерде өмір сүрген адамның сүйек қаңқаларын тапты, бұл ғылымда дүниежүзілік мәні бар үлкен жаңалық болды.
Осы заманғы алғашқы адамдар. Осы заманғы алғашқы адамдардың бұдан 30-50 мың жыл бұрын қалыптасқан кроманьондықтар болған. Францияның оңтүстігіндегі кроманьон үңгірінен осы заманғы алғашқы адамдардың бірнеше қаңқаларының қалдығы табылған. Табылған жерінің атымен оларды кроманьондықтар деп атайды.
Осы заманғы алғашқы адамдар каңқаларының қалдықтары Еуропа, Азия, Африка және Австралия материктерінен табылған. Бұл кезеңде өмір сүрген адамдардың мекен-жайлары республикамыздың да көптеген жерлерінен табылды.
Кроманьондықтар немесе неоантроптар бойы 180 см шамасында, ми сауытының көлемі 1 600 см3 болған. Үлкен ми сыңарларының маңдай және самай бөлімдері жақсы дамыған. Маңдай сүйегі алға шығыңқы келген, қас үсті доға айқын байқалады, көз шарасы үлкен, сүйектері қалың, иегі анық білінеді. Иек сүйегінің алға қарай ұмсынуы олардың олардың түсінікті сөз сөйлей білгендігін көрсетеді. Кроманьондықтар өздері салған тұрғынжайда өмір сүрген. Олар тұратын үңгірлердің қабырғасынан аң аулау, билеу, адамдар эпизоды бейнеленген суреттер табылған. Тайпа, ру болып өмір сүру салты қалыптасқан. Айналасындағы табиғат туындыларына сыйыну, оларды қастерлеу сияқты нанымдарға ерекше көңіл бөлген, яғни діндарлық бастамасы пайда болған.
К
Страницы: << < 54 | 55 | 56 | 57 | 58 > >>