ктік флораның кең өріс алуына мүмкіндік тұғызды. Мәңгі жасыл қылқанды жапырақты ағаштардан тұратын ормандар жойылып, қысқа қарай жапырағын түсіретін жалпақ жапырақты ағаштармен алмасты. Бірте-бірте шөптесін өсімдіктер, әсіресе астық тұқымдас өсімдіктер таралған, ашық далалы жерлер пайда болды. Міне, осы кезде бунақденекоректі сүткоректілерден приматтар отряды бөлініп шығып, одан әрі адам тәрізді маймылдар мен адамның қалыптасуына жағдайлар туа бастады. Ормандардың азаюына байланысты адам тәрізді маймылдардың кейбіреулері қалың орманның ішінде қалса, кейбір түрлері ағаштан жерге түсіп ашық далаларды мекендеді. Үштік дәуірінің соңында бұлардан адам пайда болды.
Төрттік кезең. Жер бетінде тіршіліктің дамуының ақырғы кезеңі. Бұл кезеңге тән сипат-бірнеше рет мұз басуды басынан өткізу. Мұз басудың нәтижесінде бірқатар ірі сүткоректілер жойыла бастады. Оларға мысалы, үнгір аюы мен үнгір арыстаны, алып құндыз, жүнді керік, қылыш тісті жолбарыс т. б. жатады. Осындай өліп біткен жануарлардың қазба қалдықтары Қазақстан территориясынан да көптеп табылды. Ірі топтағы сүткоректілердің жойылып кетуін ғалымдар алғашқы адамдардың аңшылық іс-әрекеті мен климат жағдайларына байланысты деп жорамалдайды. Ұсақ жануарлардың көпшілігі суықтан інге немесе ұяға тығылу арқылы көптеп сақталып қалды. Мұндай сүткоректілердің көбею мерзімдері қысқа қатаң климатқа бейімделуге ыңғайлы болды. Бертін келе жануарлар мен өсімдіктер әлемі кәзіргі қалыпқа келді.
Білімді тексеруге арналған сұрақтар:
Қандай принцип бойынша жердің тарихын замандар мен кезеңдерге бөледі?
Алғашқы тірі ағзалар қашан пайда болды?
Протерозой заманында тірі табиғат қандай ағзалардан тұрды?
Алғашқы құрлыққа шыққан өсімдіктер қандай және қай заманда шықты?
Құрлыққа шыққан өсімдіктердің өздеріне тән ерекше
Страницы: << < 41 | 42 | 43 | 44 | 45 > >>