ателiктерiнiң құрамының нөлге жақындауын көрсететiн өлшем сапасын айтамыз.
Шоғыр - бiрдей жағдайда алынған өлшем нәтижелерiнiң бiр-бiрiне жақындығын көрсететiн өлшем сапасы. Ұқсастық өлшем нәтижелерiнiң қателiктерiнiң кездейсоқ құрамымен сипатталады.
Қайталанымдылық әр түрлi жағдайда алынған өлшемнiң нәтижелерiнiң бiр-бiрiне жақындығын көрсететiн өлшемнiң сапасы.
Өлшем қателiктерi - өлшем нәтижелерiнiң өлшенудегi шаманың шын мәнiнен ауытқуы.
Өлшемнiң қателiктерi өз себептерi бар қателiктер қатарының жалпы санын бiлдiредi.
Өлшемнiң қателiктерi - әрқайсысының өз себептерi бар қателiктер қатарының жиынтығы.
Физикалық шама өлшемiнiң нәтижесiнiң қателiктерi, олардың сандық мәнiн беретiн цифрлардың қайсысының күмәндi екенiн көрсетедi.
Сондықтан өлшем нәтижесiн iрi сандармен көрсетудiң қажетi жоқ.
Өлшем нәтижесiнiң сандық мәнiн қателiктердiң сандық мағынасының дәрежесiне сай дөңгелектейдi, яғни өлшем нәтижесiнiң сандық мағынасы қателiктер мағынасы ақталатын дәрежедегi цифрмен аяқталуы керек.
Бүтiн сандағы артық цифрлар нөлмен алмастырылады, ал ондық бөлшектер алынып тасталынады. Егер оның бөлшек өлшем нәтижесiнiң сандық мағынасында нөлмен аяқталса, онда қателiктердiң разрядына сәйкес келетiн разрядқа дейiнгi нөлдер алып тасталынады. Мысалы, өлшем нәтижесi 1,030305, өлшем қателiктерi 0,001 болса, онда өлшем нәтижесi 1,030 дейiн дөңгелектенедi.
Егер өлшем нәтижесi 623, 29155, өлшем қателiктерi 0,1 тең болса, онда өлшем нәтижесi 623,3 дейiн дөңгелектенедi.
Егер алмастырылмайтын бiрiншi немесе алынып тасталынатын цифр 5-ке тең немесе одан көп болса, соңғы қалдық цифр бiр бiрлiкке көбейедi.
Өлшем нәтижесiнiң қателiктерiнiң себептерi:
- өлшем құралдарының жетiлмегендiгi;
- өлшем әдiстерiнiң жетiлмегенд
Страницы: << < 7 | 8 | 9 | 10 | 11 > >>