Эталлон. Метрология

Страницы: <<  <  5 | 6 | 7 | 8 | 9  >  >>

үшiн жоғары дәлдiктегi өлшем құралын дайындағаннан гөрi арзанға түседi.
Нөлдiк әдiс - бұл өлшеммен салыстыру әдiсi, бұл әдiсте өлшеудегi шаманың және өлшемнiң нәтижесiнiң салыстыру приборына әсерi нөлге жетедi. Мысалы, жүктi рычагты таразыда өлшеу және т. б.
Дифференциалдық әдiсте өлшемнiң мәнi өлшеудегi шаманың мәнiне өте жақын болса, онда өлшемдi өлшеудегi шамадан бiрнеше рет аз қолдануға нөлдiк әдiс мүмкiншiлiк етедi. Мысалы, рычагты таразының 1 кг гирлерiмен жүзден, мың және оданда көп килограммсалмақты өлшеуге болады.
Тура келу әдiсi - өлшеммен салыстыру әдiсi, бұл әдiсте өлшеудегi шама мен өлшем жаңғыртқан шаманың арасындағы айырымды шкаланың белгiсiнiң тура келуiмен немесе әлсiн-әлсiн берiлетiн сигналмен өлшейдi.
Тура келу принципi штанга циркульдың нониус құрудың негiзiне алынады. Тура келу әдiсi уақыттар сигналын қабылдауда, соғуды, интерференцияны, стробоскопиялық эффектi пайдаланғанда қолданылады.
Орнын басу әдiсi - бұл өлшеммен салыстыру әдiсi, бұнда өлшеудегi шаманы өлшем жаңғыртқан белгiлi шамамен орнын басады (бiр иықта өлшеу әдiсi).
Өлшеу - бұл үрдiстiң соңғы кезеңi "өлшеудiң нәтижесi" деп аталады. Нәтижеден кейiн iс-әрекет басталады.
Өлшеудiң келесi негiзгi функциялары:
масса, ұзындық, көлем, шығын, қуат, энергия бойынша өнiмдi есепке алу;
өнiмнiң сапасын сынауда және бақылауда, аурудың диагностикасында және емделуiнде, ғылыми зерттеуде, қоршаған ортаның жағдайын бақылауда физикалық шаманы, параметрлерiн, үрдiстiң сипатын, заттек пен материалдың құрамы мен қасиеттерiн өлшеу.
технологиялық үрдiстi реттеу және бақылау, көлiк қозғалысының қауiпсiздiгiн, байланыстың сапасы мен сенiмдiлiгiн қамтамасыз ету мақсатында өлшеу.
Өлшеу алдында белгiлi бiр мақсат, мәселе қойылады және алынған

Страницы: <<  <  5 | 6 | 7 | 8 | 9  >  >>
Рейтинг
Оцени!
Поделись конспектом: