жалғастырайық. Алдарынан түлкі шығады.
Түлкі: Бауырсақ, бауырсақ мен сені жеймін,- дейді.
Бауырсақ: мені жемеші, мен саған ән салып беремін,- дейді.
Тәрбиеші: Түлкі біздің балалар бәрін біледі.
Түлкі: Ендеше мен тапсырма беремін. Орындасаңдар жіберемін. Қолында бір бума бауырсақтың боялмаған суреті. Соны бояу керек. (Балалар үстелге отырып, суреттерді қолдарын бояуға батырып алып бояйды. )
Тәрбиеші: балалар түлкінің тапсырмасында бауырсақтың суреті екен. Оның түсі қандай болады.
Бауырсақ пен балалар: Сары болады.
Тәрбиеші: Ендеше бауырсақты сары түспен бояймыз екен.
Түлкі: сіздің балалар суретті жақсы бояпты. Мен оларды жібердім. Сау болыңдар. Бауырсақ пен балалар ары қарай жүреді.
Қорытынды:
Тәрбиеші: Балалар біздер қайда бара жатырмыз?
Балалар: Ертегілер еліне бара жатырмыз.
Тәрбиеші: Жолда біз нелерді кездестірдік?
Балалар: аюды, қасқырды, қоянды, түлкіні кездестірдік.
Тәрбиеші: Тағы қайда кірдік?
Балалар: кітапханаға.
Тәрбиеші: Қандай ертегілерді қайталадық?
Балалар: "Жеті лақ", "Үш аю", "Маша мен аю" ертегілері. Ал, ертегілер еліне нені алып келе жатырмыз?
Балалар: бауырсақты.
Тәрбиеші: бауырсақ деген қайдан шыққан?
Диалог: балалар оқиды. "Қайдан келдің бауырсақ?"
Дастарханға шашылып,
Жатты аппақ бауырсақ.
Бауырсаққа қызығып,
Қарап тұрды көзін сап.
Қайдан келдің бауырсақ?
Деп сұрады қуыршақ.
-Дүкеннен келдім нан сатқан,
-Дүкенге келдің қай жақтан?
-Диірменнен келдім ұн тартқан.
-Диірменге келдің қай жақтан?
-Даладан келдім жан-жақтан.
Жер анам менің көсілген
Диқандар мені өсірген.
Тәрбиеші: Ой, балалар біздер "Ертегілер еліне" де келіп қалыппыз. Алдарынан үй шығады
Страницы: << < 2 | 3 | 4 | 5 > >>