Ертегілер әлеміне саяхат

Страницы: <<  <  1 | 2 | 3 | 4 | 5  >  >>

өре-шөре лағым,
Тентек болма шырағым.
Секектеме деміңді ал,
Селтеңдемей құлағың.
2. Келесі кітапта "Үш аю" ертегісі.
Үш аюдың өз ыдыстары, төсектері бар. (салыстыру: үлкен аю әкесі- кіші аю баласы, орташа - анасы).
Әке аю қандай?
Үлкен.
Бала аю қандай?
Үлкен бе, әлде кіші ме?
Орташа.
Қазір біз, үлкен-кіші, орташа деген өлшемдерді қайталадық.
- Ал аю қалай жүреді?
- қорбаңдап.
Ендеше бәріміз аюдың қорбаңдаған жүрісін салайық. (балалар бауырсақпен бірге аюдың жүрісін салады).
3. "Маша қыз бен аю" ертегісі. Әңгімелеу, сұрақ қою.
- Салыстыру (Маша қыз - жоғарыда, аю-төменде).
- Мынау қай ертегі? Білеміз бе екен?
- "Маша мен аю".
- Аюдың арқасында не бар?
- Себет бар.
- Ал себеттің ішіне Маша неге мініп алған?
- Аюмен бірге ата-әжесіне жетіп қалу үшін.
- Суретте тағы не көріп тұрсыңдар?
- Тал. Жапырақтар.
- Жапырақтардың түсі қандай?
- Сары, қызыл.
Тәрбиеші: өте жақсы балалар, сендер ертегілерді жақсы меңгергендеріңді дәлелдеп келесіңдер. Енді ары қарай жүрейік. Алдарынан қоян шығады.
Қоян: Бауырсақ, бауырсақ мен сені жеймін, - дейді.
Бауырсақ: балалармен бірге ән салып береді.
Тәрбиеші: Қоян бізді жіберші. Біз балалармен бірге бауырсақты ата-әжесіне апарып тастамақпыз. Сен де бізбен жүр. Балалар біздер ұзақ жолдан шаршаған шығармыз. Денемізді сергітіп алайықшы. Бауырсақ, қоян сендер де бізбен бірге жаттығу жасай қойыңдар.
Сергіту сәті.
Ұзын құлақ, сұр қоян,
Естіп қалып сыбдырды.
Ойлы, қырлы жерлермен,
Ытқып-ытқып жүгірді.
Қарап еді артына,
Қиығын сап көзінің.
Келе жатқан томпаңдап,
Көжегі екен өзінің.
Тәрбиеші: Тағы да ары қарай саяхатымызды

Страницы: <<  <  1 | 2 | 3 | 4 | 5  >  >>
Рейтинг
Оцени!
Поделись конспектом: