Балалар: сары.
Тәрбиеші: Бауырсақтың пішіні қандай?
Балалар: дөңгелек
Тәрбиеші: Балалар біз бауырсаққа ертегілер еліндегі ата-әжесіне баруына көмектесеміз бе?
Балалар: Иә.
Тәрбиеші: Едеше, жүрейік балалар. Орманда келе жатып, алдарынан аю шығады.
Аю: - Бауырсақ, бауырсақ мен сені жеймін - дейді. Бауырсақ әндетеді.
Тәрбиеші: аю, аю сен бауырсаққа тимеші. Біз бауырсақты балалармен бірге ата-әжесіне апарғалы келеміз. Балалар аюдан.
Аю: Жарайды. (жібереді)
Балалар мен бауырсақ ары қарай жүреді. Алдарынан қасқыр шығады.
Қасқыр: Бауырсақ мен сені жеймін.
Бауырсақ әндетеді. Балалармен бірге қасқырды алдап қашып кетеді.
Келе жатып "Ертегі кітапханасына" кездеседі. Онда тоқталып, кітаптарды тамашалайды.
1. "Қасқыр мен жеті лақ" ертегісінің кейіпкерлерін суретті қарау арқылы әңгімелейді, санайды. (4 лақ үйдің алдында, 3 лақ артында).
- Балалар мынау қай ертегі?
- "Жеті лақ"
- Мынау не?
- Ешкі.
- Ал мыналар нелер?
- Лақтар.
- Ешкі аналарының қасында неше лақ бар? Санайықшы.
- 1234 лақ бар.
- Олар үйдің қай жағында жүр?
- Үйдің алдында
- Ал қалған лақтары қайда?
- Үйдің артында.
- Үйдің артында неше лақ жүр? Санайықшы.
- 1,2,3 лақ.
-Ертегіде лақтар кімнен қашты?
-Қасқырдан. (кітаптағы суреттен қасқырды көрсеткізу)
-Лақтардың анасы қайда кеткен?
-Лақтарына тамақ әкелуге кеткен.
-Лақтарды анасы қасқырдан қалай қорғап алды?
-Арықтан секіртіп құлатты.
Балалар төрт түліктің бірі ешкі, ал тағы қандай түліктер бар?
Қой, сиыр, жылқы, түйе.
Ал олардың төлдерін, балаларын қалай атаймыз?
Қозы, бұзау, құлын, бота.
лақ туралы өлең, тақпақ білеміз бе?
Тақпақ: Ш
Страницы: << < 1 | 2 | 3 | 4 > >>