Ерлігіміз бен елдігіміздің белгісі-Тәуелсіздік

Страницы: 1 | 2 | 3  >  >>


Тақырыбы: "Ерлігіміз бен елдігіміздің белгісі-Тәуелсіздік"
Сабақ мақсаты:
оқушыларды отаншылдыққа, ұлтжандылыққа, туған жеріне, атамекеніне деген сүйіспеншіліктерін арттыруға дұрыс бағыт-бағдар беру, өз елінің тарихын сыйлауға үйрету, оқушыларды патриоттық рухта тәрбиелеу
Көрнекілігі:
Мемлекеттік рәміздер, буклеттер, нақыл сөздер, фотосуреттер
Сабақтың барысы:
Ұйымдастыру бөлімі
Негізгі бөлім
Кіріспе сөз:
Әнұранды орындалады.
Мен қазақпын, биікпін, байтақ елмін,
Қайта тудым өмірге, қайта келдім.
Мен мың да бір тірілдім мәңгі өлмеске
Айта бергім келеді, айта бергім!
Тәуелсіздіктің түп тамыры "Желтоқсан" оқиғасына тікелей байланысты екендігіне ешкім дау айта алмас. "Түбін білмеген тексіз" деген қазақтың ғажап сөзі осындайдан шықса керек. Себебі, тәуелсіздіктің түп тамыры сонау бабалар ар - намысынан туындап жатқан жоқ па? Бейбіт шеруге шығып, билік тарапынан кінәлі деп саналған жастарымыздың бір бөлігі қанды қырғында көз жұмса, аман қалғандары өздері аңсаған азаттықтың қызығын көруде. Уақыт емші деп өзімізді жұбатқанымызбен, қыршын кеткен аға - апйларымыз есімізге түскенде жан - жарасы жаңғырып, қайғының айықпас дертіне шалдыққаныңды терең сезіне түсесің. Қайрат Рысқұлбеков, Ләззат Асанова, Сәбира Мұхамеджанова, Ербол Спатаев сынды қандастарымызды естен шығару мүмкін бе?
Міне осындай аға-апаларымыздың қанымен, жанымен келген тауелсіздік туралы бүгін тәрбие сағатын өткізбекшіміз
Туған халқымыз тәуелсіздік алды. Қазақстан жоғарғы кеңесі 1991 жылғы
16-желтоқсанда Қазақстанды тәуелсіз республика деп жариялады. Екі жүз жылдай патшалық Ресейдің отары, 70 жылдан астам кеңес өкіметінің бұғауында болған Қазақстан егеменді ел болды. Тарихымыздың беттеріне 1991 жыл алтын әріпт

Страницы: 1 | 2 | 3  >  >>
Рейтинг
Оцени!
Поделись конспектом: