Ерлігіміз бен елдігіміздің белгісі-Тәуелсіздік

Страницы: <<  <  1 | 2 | 3

30-маусымда қазақ халқының екінші қыраны-ғарышкер Талғат Мұсабаев ағамыздың аспан көгіне 6 айлық сапарға аттанғанын мақтанышпен айта аламыз.
1993 жылы, 13-қарашада төл теңгеміз дүниеге келді. Ал,2006 жылы қарашада қолданысқа жаңа үлгідегі теңгелер енгізілді.
1995 жылы ақыл - ойдың данышпаны, қазақ халқының дана ақыны Абай Құнанбаевтың туғанына 150 жыл толғанын ЮНЕСКО көлемінде атап өттік.
1995 жылы 30-тамызда Ата Заңымыз қабылданды.
1996-жылы 9-желтоқсанда Президент жарлығымен Қайрат Ноғайбайұлы Рысқұлбекке "Халық қаһарманы" атағы беріліп, айрықша, ерекшелік белгісімен- "Алтын жұлдыз" тапсырылды.
2015 жылы қазақ мемлекеттілігінің 550 жылдығы атап өтті.
Биыл еліміздің тәуелсіздігіне 25 жыл толды және Парламенттің төменгі палатасы таратылып, келесі жылы, 15 қаңтарда, кезектен тыс Парламент сайлауы өтетіндігі белгілі болды.
Жалпы егемендік оңай олжа болып қолымызға келген жоқ. Ақиқаттың ақ жолы үшін талай аптал азаматтарымыз тер төкті. Қаншама шындықты шырқырай жазды.
Халқымыздың егемендігі жолында құрбан болғандарын дәлелдеп, оларды ақтау үшін барынша күрескен қайсар азаматтарымыз: Мұхтар Шаханов,Хасен Қожа-Ахмет сынды ағаларымыз көп еңбек етті.
Иә, төрткүл дүниені дүр сілкіндірген әйгілі желтоқсанның арман тілегі орындалып, елімізде тәуелсіздік таңы атты. Осы жылдар ішінде талай белестен астық, Қазақстанды әлем таныды.
Ендеше, Тәуелсіздігіміздің тұғыры биік, халқымыздың еңсесі жоғары, егемендігіміз баянды болсын деп тілейік.





Страницы: <<  <  1 | 2 | 3
Рейтинг
Оцени!
Поделись конспектом: