Ерлігіміз бен елдігіміздің белгісі-Тәуелсіздік

Страницы: <<  <  1 | 2 | 3  >  >>

ермен жазылды. Бостандыққа парламенттік жолмен жеттік. Бұның саны аз халық үшін тиімді екеніне көзіміз жетті, көңіліміз жетті. "Қазақстан Республикасының мемлекеттік тәуелсіздігі" туралы заң Жоғары Кеңес сессиясында көпшілік дауыспен бекітілді.
Бұл күн-Қазақстан тарихына тәуелсіз Қазақстан Республикасының туған күні деп алтын әріптермен жазылды.
1986 жыл, 16-желтоқсан. Бұл ерлік пен өрлік, қайғы мен қасірет мидай араласқан әрі жақын, әрі қаралы да, қасіретті күн еді.
Мұз жастанып азаттықтың жолында,
Тәуелсіздік туы тұрды қолында.
Сойыл таяқ ойнаса да жанында.
Отан үшін жанын қиды ұлдарың,
Аз болған жоқ азап шеккен қыздарың,
Күйініштен ауырады жүрегім,
Естігенде желтоқсанның ызғарын.
Желтоқсан-ау, ұмытылмайсың жүректе,
Ұрпақ өсер айналатын тірекке,
Егемендік тиді бүгін еншіме,
Желтоқсаным,жеткіздің ақ тілекке.
Желтоқсан көтерілісінің арқасында
1991 жылы еліміз өз алдына егемендік алып, тұңғыш Тәуелсіз ел дүниеге келді.
1991 жылы желтоқсанның 1-де Республика жұртшылығы тұңғыш рет Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевты Республиканың Президенті етіп сайлады.
Шықты тарап ой данадан,
Бері қарады жұлдыз беті.
Өзі қалап сайлап алған,
Елімнің бар Президенті.
Шырақ етіп өмір нұрын,
Алыс жатты алдағы жол.
Ел намысын, елдің жүгін,
Арқалаған ардағым-ол.
1999 жылы тұңғыш Қазақстан Президенті Н. Ә. Назарбаев қайта сайлайды, ал 2005 жылы желтоқсан айының төртінші жұлдызында болған сайлауда ел қалауымен Н. Ә. Назарбаев тағы жеті жылға сайланды.
1992 жылы 4 - маусымда Президент "Қазақстан Республикасының мемлекеттік Туы, Елтаңбасы, Әнұраны" туралы Заңға қол қойды.
1991 жылы қазан айында тұңғыш қазақ ғарышкері Тоқтар Әубәкіров ғарышқа ұшты.
1994 жылы

Страницы: <<  <  1 | 2 | 3  >  >>
Рейтинг
Оцени!
Поделись конспектом: