р. Адамзат тарихында болмаған алапат соғыста бірлік, достық
жолында жан қиған қазақ батырлары ерекше ерлік көрсетті. Батырлықты батыр
лардың ұрпағы Бауыржан Момышұлы бастады.
22 - оқушы: Бауыржан Момышұлы "Ескертпе"
Найзадан қол босаса, қалам алдым
Толғанып оқиғаны көп ойладым.
Тырмысып әл кеткенше көргенімді,
Жалтақтамай, именбей ашық жаздым.
Отырсам көп ойланып, күнім жақын,
Әр адам біле бермейді сөздің парқын.
Ұрпаққа арнап істеген адал еңбек,
Ақ ниетпен ұсындым саған халқым.
Жазушы болмаған соң менің затым,
Көркемді жұмыр емес жазған хатым.
Салмақтайтын саналы ер табылса,
Атаусыз неге қалсын менің атым.
23 - оқушы: Тоқтаровтай батырлар неткен жалын!
Оқтан ықпай, елім деп төккен қанын.
Батырларым жалынын жалаулатып,
Жатыр мәңгі аялап еккен бағын.
Бауыржандар Мәскеуді қорғап қалған,
Бауырмалдар жауға елді қорлатпаған.
Жатыр бүгін жалын боп алыптарым,
Батырлығы бағым боп орнап қалған.
Қорған болған елінің елдігіне,
Батырлардың бас идік ерлігіне!
Ұрпақтары қаһарман бабалардың,
Тәуелсіздік қамалын көрді міне.
2 - жүргізуші: 1986 жыл. Желтоқсанда отты оқиға болды. Елдің егемендігін аңсаған жастар
алаңға шықты. Желтоқсан желі дауылға айналды. Өрттей қаулаған өжет жастар
ұлттық намыс құдіретін әлемге паш етті.
1 - жүргізуші: "Қазақ елі хан сайлар зор данасын,
Ғажап елді келімсек қорламасын!"-
Деп, Қайраты көтерді намыс туын,
Кек қайнатты өрт жалын Орда басын.
Қайраттың ақтық сөзі: Күнәдан таза басым бар.
Жиырма бірде жасым бар.
Қасқалдақтай қаным бар.
Бозторғайдай жаным бар.
Алам десең алыңдар.
Қайрат деген а
Страницы: << < 9 | 10 | 11 | 12 | 13 > >>