Энергия 9-сынып

Страницы: 1 | 2 | 3  >  >>

Қызылорда облысы, Арал ауданы, Сапақ елді мекені, 69 орта мектебінің физика пәнінің мұғалімі Мейірманова Құттыгүл Әмірханқызы.

Күні: 4. 12. 14 Сыныбы: 9 Пәні:физика
Сабақтың аты
22-23. Энергия. Энергияның сақталу және бір түрден екінші түрге айналу заңы.
Сілтеме
Жоспар
Жалпы мақсаты
Энергия туралы түсініктерін тереңдету.
oo "Күй" ұғымын қалыптастыру.
oo Күй параметрлерімен таныстыру.
oo Механикалық энергия және оның түрлерімен таныстыру, анықтама беру.
oo Энергияны сипаттайтын өрнектер мен олардың шамаларын анықтау.
oo Алған білімдерін өмірмен байланыстырып, мысалдар келтіру
Өзін-өзі бағалауға баулу
Күтілетін нәтиже
Күй, Күй параметрлерімен танысады.
Механикалық энергия және оның түрлерімен танысады, анықтамасын білетін болады.
Энергияның формулаларын түрлендіріп пайдаланып есептер шығара алады.
Алған білімдерін өмірмен байланыстырып, мысалдар келтіре алады
Өзін-өзі бағалай алатын болады
Негізгі ұғым
Энергия - дененің күйін сипаттайтын физикалық, скалярлық шама. Адамның күйі туралы айтқанда, оның қан қысымы, температурасы, сияқты, т. б. белгілі бір уақыт мезетіндегі жалпы жағдайын сипаттайтын мәліметтер туралы сөз етеміз.
Күй-дененің берілген уақыт мезетіндегі жағдайы.
Механикада дененің механикалық күйі сөз болады. Оны көрсету үшін 2 мәселеге тоқталуымыз керек:
1. дененің берілген уақыт мезетіндегі орны
2. дененің қалай қозғалатынын сипаттай алуымыз керек.
Олай болса, бұл - нүктенің қайыбір уақыт мезетіндегі координаталары мен жылдамдығын көрсету деген сөз. Бұлар күй параметрлеріне жатады.
Дененің немесе нүктенің механикалық күйін сипаттайтын шама - механикалық энергия деп аталады.
Механикалық энергия деп д

Страницы: 1 | 2 | 3  >  >>
Рейтинг
Оцени!
Поделись конспектом: