Елі үшін туған – Елбасым

Страницы: 1 | 2 | 3  >  >>

"Елі үшін туған - Елбасым"!

"Жақсы ұл - елінің туы болады"

1 желтоқсан - Қазақстан Республикасының Бірінші Президенті күні. Өзімнің ішкі жан дүниемді ашатын, жаныма жақын осы тақырыпта эссе жаздым. Эссе жазудағы мақсатым: Елбасымыздың салихалы саясатын насихаттау арқылы өзім сияқты жастардың белсенділігін арттыру, өскелең ұрпақтың өн бойына ұлттық рухты сіңіруге, тәуелсіздікті терең сезінуге және ұлт мерейін асыруға қызмет етуге тәрбиелеу.
Біз Ұлы далада небір қиындықтарды басымыздан кешірген, сұрапыл соғыстарды, жойқын жортуылдарды өткерген, сан рет қирап, сан рет бой түзеген, "тарихтың тағдырлы көші" дейтін ұзақ жолда жақсыны да, жаманды да көрген, салтанатты да өмір сүрген, хандары алтын сарайларда да тұрған, алтын тақта да отырған, іргелес елдермен бейбіт өмір сүре білген де елміз. Тауқыметті соншалық көп кешкен, тағдыры аянышты - езіліп - егілген, жабығып жапа шеккен, тарығып - зарыққан халық жер бетінде екеу болса, соның біреуі - қазақ.
Орысқа бодан болған үш ғасырдың ішінде тарихымыз, ар - ожданымыз табанға тапталды. Алқакөл - сұламаға ұшырадық. Тарихымыз саясаттың құралына айналды. Ұлт ретінде жер бетінен жойылып кете жаздадық. Қазақтың: "Қаратаудың басынан көш келеді", деп зарлағаны, Қазтуған жыраудың: "Қайран да менің Еділім" деп қабырғасы сөгілгені осы тұс еді.
Бірақ қазақ елі мұндай қиындықтарды жеңіп, басымыздан бақ тайған, қан жылаған зар заманымыз артта қалып, жаңа дәуірдің, жаңа заманның есігін аштық. Ел есін жиды, етегін жапты, еңсесін көтерді.
Сенесіз бе, сенбейсіз бе? Небары 20 жылдың ішінде осы байтақ далада бұрын - соңды болмаған бүтіндей жаңа мемлекет - Тәуелсіз Қазақстан елі көш түзеді. Осы Ұлы көшті Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев бастады. Арғы - бергі заман

Страницы: 1 | 2 | 3  >  >>
Рейтинг
Оцени!
Поделись конспектом: