да осындай ұлан - қайыр мемлекет орнатып, халқының көңіліндегісін тауып, көкейіндегісін істеген Назарбаевтай кісіні ұлы даланың тарихы білген емес. Н. Назарбаев ел тізгінін алмағайып, алмалы - төкпелі, ең қиын кезеңде қолына алды. Тарихтың да, тағдырдың да сынынан абыроймен өтіп, халқын да қыл көпірден, жанып тұрған өрттен аман алып шықты. Тарихқа есесі кеткен халқымыздың бүгінгі тағдыры туралы ойлау - Президентіміз туралы ойлау мен сабақтас. Бағы тайған қазақтың есесін қайтарып, қабырғалы ел етіп, осыншама құдіретті жасап беріп отырған Елбасының кемеңгерлігі туралы қалай айтсақ та жарасады.
Нұрсұлтан Назарбаев түп атасынан, арғы тегінен батырлық үзілмеген, қазақ тарихында қолбасшылығымен, билігімен, шешендігімен, өшпестей із қалдырған қайраткерлердің ұрпағы. Бабалары - еңсегей бойлы Есімханның туын ұстаған қолбасшы Қарасай батыр, Қарасайұлы Көшек батыр, Назарбай би. Әкесі Әбіш пен анасы Әлжанның тұла бойы тұңғышы, әулиеге түнеп жүріп, Құдайдан тілеп алған баласы.
Н. Назарбаев уақыт тынысын ерте сезді. Темір қорытты. Домнаның пешіне қайнап пісті, жарғақ құлағы жастыққа тимей, жастайынан жарқырап көзге түсіті. Сөйтіп, заты қазақтың рухын аспанға көтерді, ел - жұртын да өрге жетеледі. Н. Ә. Назарбаев жауапкершілікті мойнына алып, ел үмітін арқалаған кезде Қазақ Советтік Социалистік Республикасы дейтұғын елде тұратын азаматтардың ішіндегі ең бейшарасы, ең сорлысы қазақтар болатын. "Қазақпын" деп те, "Менің ана тілім - қазақ тілі" деп те айта алмайтын, айтқызбайтын. Тіл де, дін де, тарих та, мәдениет те, салт - дәстүр де, әдеп - ғұрып та, ата - жолы да - бәрі де мансұқ болды. Бірақ, енді сан ұрпақ аңсаған, мыңдаған жылдар бойы армандаған тәуелсіздікке қол жеткіздік - ел болдық. Осы жауапкершілікті қалың елдің ішінен суырылып шығып, мойнына ал
Страницы: << < 1 | 2 | 3 | 4 > >>