ған, өз тағдырын елінің тағдырымен жалғаған азамат - елінің ержүрек перзенті Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев болатын.
Елбасының саясаты алтын арқауы, басты өзегі - ел бірлігін сақтау. Мемлекет рәміздерінен бірде - бір кем ұстамайтыны, қайта - қайта аузынан тастамайтыны - елдің ынтымағы мен бірлігі. Билікті қолына алған сәттен бастап, осыны саясатының туы етіп ұстап келеді. "Мұратымызға жету үшін, біз осындай қиын жолдардан да өтуіміз керек, төзімді болуымыз керек. Тіл байланған, қол - аяғы кісенделген ел едік. Енді аяқ - қолы, тілі босаған соң, жұрт еркін сөйлеуді де үйренсін", - деп Елбасы кеңшілік жасады. Осылай демократия жолына түстік. Елбасы: "Менің бабалары батыр, аналары дана халқым бар, тағдырдың талай тауқыметін мойымай көтерген төзімді халқым бар. Жүрегі жомарт, ақылы дария, ниеті пәк, көңілі кіршіксіз халқым бар. Жерін жауға бермей аман алып қалған батыр, күмбірлете күй төгіп, тамылжыта ән салып, дастандарды дүниеге келтірген өнерпаз халқым бар", деп тебірене мақтанады. Елбасымыз ес біліп, етек жиғалы халқым, елім деп тебіреніп, еміреніп, ұлтым деп қызмет етіп келеді. Не көрсе де елімен бірге көріп, бірге жасасып келеді.
Бүгінде дүние жүзін мойындатқан егеменді еліміз бар. Мемлекетіміздің негізін қалап, еліміздің көсегесін көгертіп, әлемге танытып, көрегендікпен өрге сүйреп келе жатқан Көшбасшысы бар. Елбасының халқымен қаны да, жаны да бір, жүрегі де, тілегі де бір, әр күні, әр сағаты туған елінің тағдыры үшін күреспен өтіп келеді. Тәуекелге барып, тәуелсіз мемлекет құрды. Елін саң ғасырлар армандаған мұратына жеткізді. Осының бәрі ынтымақтың арқасы. Елбасының сарабдал саясатының арқасы, сүттей ұйыған ел бірлігінің арқасы.
Біз бүгін ұлтымыздың абыройына, киесіне айналған Президентіміз үшін мақтана алатын халықпыз. Президент
Страницы: << < 1 | 2 | 3 | 4 > >>