Екі таңбалы санды қосу және азайту тәсілдері
Сынып: 2 сынып
Сабақ: математика
Сабақтың тақырыбы:"Екі таңбалы санды қосу және азайту тәсілдері".
Сабақтың мақсаты:
1. Білімділік: ондықтарды қосу және азайтуға, бірліктерді разрядтан аттау арқылы қосуға негізделген ауызша есептеу тәсілдерімен таныстыру; өтілген есептеу тәсілдерін пысықтау; оларды есеп шығару кезінде қолдана алуға үйрету.
2. Дамытушылық: санның құрамына өрнектер құрастыра білу дағдыларын дамыту, шапшаң есептеу дағдысын, математикалық тіл байлығын дамыту; санның құрамын қайталау, логикалық ойлау қабілетін, зейінін дамыту; есепті шығара алу дағдыларын дамыту.
3. Тәрбиелік: экономикалық тәрбие беру, тазалыққа тәрбиелеу; ептілікке, ұқыптылыққа тәрбиелеу.
Сабақтың түрі: аралас сабақ.
Сабақтың өтілу әдісі: түсіндіру, сұрақ - жауап, талдау - жинақтау, рефлексия.
Сабақтың көрнекілігі: слайдтар, ойындар, суреттер.
Сабақтың барысы.
І Ұйымдастыру кезеңі.
Оқушыларды сабаққа дайындау, мақсаты мен міндетін хабарлау.
Оқушылардың сабаққа дайындығын тексеріп, зейіндерін сабаққа аудару.
Психологиялық дайындық:
- Балалар, бүгінгі біздің сабағымыз өзгеше болмақ, өйткені бізге қонақтар келіп отыр. Сондықтан біз өзіміздің білімімізді көрсетіп, бір - бірімізге табыс, сәттілік тілейміз.
Нұрға толы бар аймақ,
Күн шыққанда арайлап.
Ұйқымыздан тұрғанда,
"Қайырлы таң ботам" - деп
Күлімдейді жан анам.
Қайырлы таң ұстазым!
Қайырлы таң достарым!
Қайырлы таң қонақтар!
Сәлеметсіздер ме! Балалар сабақта дұрыс отыру ережелеріне назар аударалық. Ендеше қонақтарымызбен амандасып алалық:
Үлкенге ізет
Кішіге құрмет.
Сіздерге бізден
Құрметпен сәлем.
Сабақта топтар
Страницы: 1 | 2 | 3 > >>