Бастауыш сыныптардағы жазба жұмыстары - конспект для урока

 
  • Рубрика:
  • Формат: zip
  • Просмотров: 209
  • Скачиваний: 7

Бастауыш сыныптардағы жазба жұмыстары
Бастауыш оқытудағы басты орынның бірі қазақ тілінде. Бағдарлама талаптары аясында оқушылардың білім , білік, дағдыларының нақты болуы қазақ тілін оқытудың мазмұны мен әдістеріне байланысты. Қазақ тілін оқытуда негізгі дидактикалық принциптер жүзеге асады.
Білімді меңгеруді қамтамасыз ететін басты дидактикалық жағдай – оны жүйелі тексеріп отыру және бағалау. Қазақ тілі бойынша негізгі жазба жұмыстарының түрлері көшіріп жазу, диктант (түсіндірме, көру, терме, сөздік, шығармашылық, бақылау), тест жұмысы.
Түсіндірме диктанты бұрын оқытылып кеткен тақырыптарды қайталауға, жаңадан оқылған ережелерді бекітуге арналады. Тақырыпқа байланысты диктантты сабақтың кез – келген кезеңінде орындатуға болады. Алдымен мәтін толық оқытылады., сонан соң әр сөйлем жеке оқылады. Оқушылар оқылып отырған ережеге байланысты талдау, түсіндіруге қатысады.

Рейтинг
Оцени!
Поделись конспектом: