ары сандардың "көршілерін" анықтауға жұ-мыс жүргізіңіз. Оқушыларға көздерін жұмуды сұраңыз. Кез келген екі таңбалы санды атаңыз. Осы санның екі жағында қандай сандар орналасқанын сұраңыз.
Екі таңбалы сандар қайда кездеседі? Оқу-шыларға оқулықтағы иллюстрацияны қарауды ұсы-ныңыз. Олардан өмірде екі таңбалы сандардың қайда кездестіргендері туралы сұраңыз. Оқушыларды топтарға бөліңіз және берілген сұрақтың жауабының нұсқаларын топтарда талдауды ұсыныңыз. Олар өз жауаптарын А3 форматты қағазда жазып көрсетеді. Топтар арасында жұмыстары туралы талдау жүргізі-ңіз. Әрбір топ өзінің сурет түрінде бетке жазғанжауаптарын көрсетіп және осы сұрақтар бойынша өз ойын айтады.
Жауабы:
үйдің немесе пәтердің нөмірі, автобустың нө-мірі, электрондық сағаттың цифры, ойыншының кеудешесіндегі нөмір т. с. с.
Орындап көр. Жұмысты жұппен ұйымдастыры-ңыз. Оқушыларға текшелерден құрылған конструк-цияны қарауды және санау арқылы бір бағанда неше текше барын, неше жалғыздан тұрған текшелер барын анықтауды ұсыныңыз. Әрбір конструкцияда барлығы неше текше барын және бұл қанша ондық, қанша бірлік болатынын сұраңыз.
Жауабы:
12; 15; 13.
Екі таңбалы сандар. Тапсырма екінші ондықтың сандарын оқу дағдысын қалыптастыруға бағыттал-ған және оқушылардың екінші ондық сандарының құрастырылуы туралы білімдерін бекітеді. Оқушылар екінші ондықтың сандарының атауындағы заңды-лықты түсіндіре алады, сонымен қатар 20 көлемін-дегі сандарды тура және кері санау дағдысының қалыптасуына жаттығу жасайды. Реттік санау дағды-сын бекіту үшін, тақтаға 20 оқушыны шақырыңыз. Оларға кез келген немесе берілген тәртіппен, мыса-лы, бойына қарай, және өзінің реттік нөмірін айтып ретімен тұруларын сұраңыз.
Шығарып көр. Берілген тапсырма оқушылар сандарды
Страницы: << < 1 | 2 | 3 | 4 | 5 > >>