Бұл сабаққа 10-нан 20-ға дейінгі екі таңбалы сан-дар кестесін даярлаңыз. Оны тақтаға орналастыры-ңыз. Оқушылардан кестеде көрсетілген сандар қалай аталады деп сұраңыз (екі таңбалы сандар). Бұл сандар неге екі таңбалы сандар деп аталады?
Кіріспе тапсырма. Екі таңбалы сандардың раз-рядтық құрамымен таныстыру. Ойын түрінде өткізі-ңіз. "Бүгін сендер барлығың сандар балына шақыру алдыңдар" деп хабарлаңыз. Сыныпты екі топқа бөліңіз. Бірінші топқа түскен оқушыларға 1 цифры жазыл-ған парақшаларды таратыңыз. Екінші топқа түскен оқушыларға 0-ден 9-ға дейінгі сандарды таратып беріңіз. Ырғақты музыка қосыңыз да, "сандарға" жұппен емес бір-бірден билеуді ұсыныңыз. Балға шақырыл-ған барлық сандар бір-бірімен танысуы керек. Олар қалай аталатынын және неге оларды солай атайтынын сұраңыз. (Жауабы: бір таңбалы, себебі олар тек бір цифрдан ғана тұрады. )
Балда жұппен билейтінін айтыңыз. Ырғақты му-зыканы қосыңыз және оқушыларға жұппен билеуді ұсыныңыз. "1" цифры бар оқушы өзіне жұпты екін-ші топтан таңдап алуы керек. 1-2 минуттан кейін оқушыларға тақтаға шығуды ұсыныңыз. Тақтада екі қағаз тәж бекітіліп тұру керек. Олардың біреуінде "Ондықтар", екіншісінде "Бірліктер" деп жазылған. Тақтаға шыққан оқушылар осы тәждердің астына барып тұруы тиіс. Олар тұрған соң басқа оқушылар-дың назарын құрастырылған екі таңбалы санға ауда-рыңыз. Екі таңбалы сандар ондықтар мен бірліктер-ден тұрады. Оқушыларға кезекпен тәждердің астына келіп тұрып, екінші ондықтағы екі таңбалы сандарды құруды ұсыныңыз.
Қалған оқушыларға пайда болған санды оқытыңыз. "Ондықтар" деген жазудың астында тұрған цифр осы сандағы ондықтың санын көрсетеді. Ал "Бірліктер" деген жазудың астындағы цифр берілген сандағы бірліктің санын көрсетеді.
Одан
Страницы: << < 1 | 2 | 3 | 4 > >>