Екі айнымалысы бар сызықтық теңдеудің графигі

Страницы: 1 | 2 | 3  >  >>

Күні: 09. 04. 2015 жыл.
Пәні: Математика
Сыныбы: 5а
Тақырыбы: Ондық және жай бөлшектерге амалдар қолдану
Мақсаты:
Оқушылардың ондық бөлшектерді жай бөлшекке айналдырып, ондық бөлшекке айналдыратын жай бөлшектерді байланыстыра отырып амалдар қолдануға есептер шығару

Міндеттері
Оқушылардың жай бөлшектер мен ондық бөлшектерді қосу, азайту, көбейту, бөлуге есептер шығарту, алынған білімдерін тиянақтау.
Оқушылардың ойлау, есте сақтау қабілеттерін дамыту, өз бетім ен еңбектену дағдыларын дамыту.
Оқушыларды іздемпаздыққа, жекелей жұмыс істей білуге, тез ойлап дәл жауап беруге тәрбиелеу.
Сабақтың түрі: қайталау сабақ
Оқыту әдісі: нақтылы - индуктивті, сұрақ жауап, тірек белгісі
Құрал жабдықтар: оқулық, интерактивті тақта, үлестірмелі парақшалар
Көрнекіліктер: флипчарт, тест, көрнекі кестелер, тірек белгілер

Қойылатын талаптар:
- жай бөлшектерге амалдар қолдана білу;
- ондық бөлшектерге амалдар қолдану;
- жай бөлшекті ондық бөлшек түрінде жаза білу, егер айналдыруға болса;
- ондық бөлшектерді жай бөлшек түрінде жаза білу;
- ондық бөлшектерді салыстыра білу.
- сандардың арифметикалық ортасы, өзгеріс ауқымы, модасы, медианасы табуды білу.

Сабақтың барысы:
1. Ұйымдастыру кезеңі:
а) сынып әзірлігі; Тыныштық сәті күй - "Көңіл толқына"(үзінді)
ә) сабақтың мақсатын баяндау, өту жоспарын айту;
2. Үй тапсырмасы, тексеру қорытындысы.

Негізгі бөлім:
Жасырын сөзді табайық 2, 3

а) Сайыс "Бәйге". Математикалық диктант
"Жақсы ат алдынан сүрінбей, артынан сүрінеді"
Ондық бөлшектермен жаз:
4, 7; 16, 04; 16, 23; 19, 0252; 10; 3, 49; 17, 011; 1, 868; 22, 008; /
Берілген сандар қатарының өзгеріс ауқымен медиаасы

Страницы: 1 | 2 | 3  >  >>
Рейтинг
Оцени!
Поделись конспектом: