Егіншілік жүйе тақырыбында ащық сабақ

Страницы: <<  <  3 | 4 | 5 | 6 | 7  >  >>

мшөптері көбейіп, құнарлылығы азая бастаған кезде диқандар ол жерлерді тастап, басқа тың жерлерге ауысып отырған. Сондықтан, егіншіліктің бұл көшпелі тәсілі "тыңайған ауысу түрі" деп аталған. Тастап кеткен танаптарда 15-20 жылдан кейін, табиғи көп жылдық шөптердің есуіне байланысты, топырағының құнарлылығы қайтадан қалпына келген. Сол кездері танап қайта жыртылып, егін себілген. Қазақстанда Ұлы Қазан төңкерісіне дейін егіншіліктің "тыңайған жерге ауысу" сияқты қарапайым жүйесін қолданып келген.
Егіншіліктің экстенсивті жүйесі. Бұл жүйе егіске жарамды жерлерді пайдалануды жақсартты. Халық санының осуіне байланысты, егіс алқабының көлемі ості. Жерге жекеменшіктік пайда болды, сол себепті диқан кез келген жерді жырту мүмкіндігінен айырылды. Енді топырақ құнарлылығын қалпына келтіру мерзімін қысқарту қажеттілігі туды. Ондай тәсіл -- танапты сүрі жерге қалдыру. Жерді сүрі жерге қалдырғанда арамшөптерді құртуға, топырақтың құнарлылығын жоғарылатуға мүмкіндік жасалады. Жерді тыңайту мерзімі бір жылға дейін қысқарады. Дақыл егілмеген танапта арамшөптермен күресу жүргізіледі, яғни ол танап жаз бойы өңделеді. Осылай жаңа экстенсивті сүрі жер егіншілік жүйесі пайда болды. Сүрі жерге қалдырылған танаптарға органикалық және минералдық тыңайтқыштар сіңірілді. Сөйтіп, табиғи жағдайда танаптың құнарлылық күші 15-20 жылда қалпына келетін болса, адам оны бір жылда құнарлы қалпына келтіретін болды. Алғашында ауыспалы егіс екі танаптан ғана тұрды. Біреуін сүрі жерге қалдырып, екіншісіне астық дақылдары себілді. Содан кейін екі танапты ауыспалы егістің орнына, 3-4 танапты ауыспалы егіс пайдаланыла бастады. Егіншіліктің қарапайым жүйесіне қарағанда, пар жүйесі егіске жарамды жерлердің басым кепшілігіне дәнді масақты дақылдар егуге және олардан мол өнім жинауға мүмкі

Страницы: <<  <  3 | 4 | 5 | 6 | 7  >  >>
Рейтинг
Оцени!
Поделись конспектом: