Егіншілік жүйе тақырыбында ащық сабақ

Страницы: <<  <  2 | 3 | 4 | 5 | 6  >  >>

оңтайлы мерзімде ауылшаруашылық жұмыстарының орындалуына ықпал етеді. Ауыл шаруашылығы өндірісін кешенді механизациялау өсімдік шаруашылығындағы еңбек өнімділігін айтарлықтай көтереді.
Қазіргі кезде егіншілік жүйесі деп жерді тиімді пайдалануға, топырақ құнарлылығын арттырып, ауылшаруашылық дақылдарынан жоғары және тұрақты сапалы өнім алу мақсатына бағытталған агротехникалық, мелиоративтік, ұйымдастыру жұмыстарының өзара байланысқан кешенді жиынтығын айтады. Ғылым мен техниканың дамуына байланысты егіншілік жүйесінің міндеттері күрделене түсті. Қоғам дамыған сайын, өндірістік қатынастар өзгерді, ауыл шаруашылығы ғылымының дамуына орай топырақ құнарлылығын қалпына келтіру және жоғарылату әдістері, егіс көлемі, дақылдар түрлері және өнімділік деңгейі де өзгерді. Сондықтан жалпы егіншілік жүйесі де өзгеріске ұшырады. Бұрынғы заманда және қазіргі кездегі қолданылып жүрген егіншілік жүйелері даму дәрежелеріне байланысты үшке бөлінеді: қарапайым, экстенсивті және қарқынды (интенсивті).
Егіншіліктің қарапайым жүйесі тек топырақтың табиғи құнарлылығын пайдалануға негізделген. Бұл -- егіншіліктің алғашқы даму кезеңіне төн ерекшелік, яғни ол егіншіліктің ең қарапайым жүйесі болып саналады. Ерте кезде адамдар орманды алқаптарға егін салу үшін, ағаштарды кесіп немесе өртеп, егістік алаңдар даярлаған. Орманнан тазартылған жерлерде 3-5 жыл бойы дақылдар егілген. Танаптарда арамшөптер көбейіп, топырақ құнарлылығы және өнім мөлшері төмендеген жағдайда, ол жерлер тасталып, егіс үшін жаңа жерлер дайындалған.
Егіншіліктің бұл жүйесі "кесу-өртеу" деп аталады. Далалық аймақтарда ағаш емес, көп жылдық табиғи шөптер өсетіні белгілі. Сондықтан, бұл жерлерде егістік үшін табиғи жайылымдар мен шабындықтар пайдаланылған. Пайдаланылған жерлердің өнімділігі төмендеп, ара

Страницы: <<  <  2 | 3 | 4 | 5 | 6  >  >>
Рейтинг
Оцени!
Поделись конспектом: