Егіншілік жүйе тақырыбында ащық сабақ

Страницы: <<  <  1 | 2 | 3 | 4 | 5  >  >>

к ресурстарын тепе-тең пайдалануға мүмкіндік береді. Өндірісті шоғырландыру және өндірісте шаруашылықтың мамандандыруын анықтайтын ауыспалы егістің интенсивті типін енгізуді қажет етеді. Осындай ауыспалы егісте егіншілік жүйесінде қарастырылған барлық шаралар кешенін орындау өте маңызды.
Топырақтың экономикалық құнарлылығының ұдайы өндірісін кеңейтудің негізгі техинкалық құралдары егіншілікті химияландыру, жерді суландыру және кешенді механикаландыру. Мамандардың бағалауы бойынша егістік ауданының бір гектарына есептелген өнімділікті тыңайтқыштарды қолдану нәтижесінде 50 пайызға, өндірістің барынша жетілген техникасы мен технологиясын қолдану арқылы 25-30 пайызға, жаңа сорттар енгізу арқылы 20-25 пайызға дейін көтеруге болады. Минералды тыңайтқыштарды қолдану - егіншілікті химияландандырудың негізі. Тыңайтқыштарды енгізу арқылы экономикалық тиімділікті көтеру топырақтың құнарлығын басқа да факторлармен оңтайлы үйлестіру кезінде жүзеге асады.
Өсімдік шаруашылығы өнімінің өнімділігін интенсивті технология арқылы қысқа мерзімде арттыру кезінде өндірістік шығындар құрылымында тыңайтқыштар және өсімдіктерді қорғау құралдарының үлес салмағы айтарлықтай жоғары болуы тиіс. (мысалы, астық дақылдарында 1,4 - 4 есеге дейін). Минералды тыңайтқыштардың тиімділігі оны органикалық тыңайтқыштармен кешенді қолданғанда жоғарылайды, сонымен қатар топырақтың химиялық құрамын жақсартуға, қарашіріктің көлемінің өсуіне, топырақтың құрылымын және сақталуын жоғарылатуға әсер етеді.
Соңғы жылдарда минералды және органикалық тыңайтқыштарды жеткізу өте күрт төмендеп кетті. Топырақтың құнарлығына әсер етуші құралдың бірі - кешенді механизацияландыру болып табылады. Машиналарды ұтымды қолдану топырақта ылғалдың жиналуына әкеледі, жылу режимін реттейді, танапты ластанудан сақтайды,

Страницы: <<  <  1 | 2 | 3 | 4 | 5  >  >>
Рейтинг
Оцени!
Поделись конспектом: