шығыс аймағының тәлімі жерлерінде егіншіліктің топырақты эрозиядан қорғау жүйесі қолданылады. Себебі, тың және тыңайған жерлерді игерген кезде, бұл аймақтарда жел эрозиясы басталды. Топырақтың құнарлы қабатын жел ұшырып әкетті. Топырақты осы апаттан сақтау үшін егіншіліктің арнайы жүйесі -- топырақ қорғау егіншілік жүйесі дүниеге келді. Егіншілік жүйесін ғылыми негізде құру үшін төмендегідей шаралар қолдану керек. Шаруашылықтың бағытын анықтап, осыған сәйкес егіс көлемінің құрылысын жоспарлау, ауыспалы нақтылы егіс нобайларын жобалап, оны өндіріске енгізу және игеру, жер өңдеу жұмыстарын жоспарлау, тыңайтқыштар қолдану жүйесін жасау, арамшөптермен, ауыл шаруашылығы дақылдарының ауруларымен, зиянкестерімен күрес шараларын жүргізу, тұқым алмастыру жүйесін жоспарлау, топырақты су және жел эрозиясынан қорғау жүйесін белгілеу, осы жұмыстардың бәрін толық орындауға қажетті ауылшаруашылық машиналарымен, құралдарымен шаруашылықтарды толық қамтамасыз ету.
Бұл шаралар жүйесінің әрқайсысының маңызы аймақтың ауа райына, топырағына байланысты өзгеріп отыруы мүмкін. Топырағының құнарлылығы төмен аймақтарда тыңайтқышты дұрыс беру жүйесінің маңызы басқа шаралардан жоғары болуы мүмкін. Сол сияқты эрозияға бейімді жерлерде, топырақты одан қорғау жүйесі, жауын-шашын аз түсетін жерлерде -- суару, ылғал жинау және оны сақтау шараларының маңызы зор. Қазақстан жер көлемі жағынан ТМД елдері бойынша екінші орын алады. Республика жері батысында Еділдің төменгіағысынан, шығысында Алтай тауынадейін 3000 шақырымға, ал солтүстігінде орманды-далалы Батыс Сібір жазығынан оңтүстігінде Орта Азия шөліне дейін 1600 шақырымға созылып жатыр. Үлкен материктің ортасында, мұхиттардан өте қашық орналасқандықтан, климаты құрған және күрт континенталды болып келеді. Жерінің үлкендігіне байланысты және аумағ
Страницы: << < 5 | 6 | 7 | 8 > >>