Егіншілік жүйе тақырыбында ащық сабақ

Страницы: <<  <  1 | 2 | 3 | 4  >  >>

нның астықты аудаңдарындағы басты мәселелер -- эрозиямен күрес шаралары және топырақта ылғал сақтау, фосфорлық тыңайтқыштар енгізу, таза пар алқаптарын ұлғайту және басқалар.
Қазіргі заманғы егіншілік жүйесі жерді интенсивті пайдалану негізінде топырақ құнарлығын арттырумен қарастырылады. Елдің аймақтары бойынша әзірленген жүйе белгілі табиғи және экономикалық жағдайларға негізделіп қолданылады, барынша сапалы дақылдарды егуді кеңейту арқылы егістік ауданының құрылымын жақсарту қарастырылады.
Егіншілік жүйесінің негізгі элементтеріне мыналар жатады: ауыспалы егістік жүйесі; топырақты өңдеу жүйесі; мелиоративті шаралар жүйесі (суару, құрғату, химиялық мелиорация, мәдени - техникалық жұмыстар және т. б); тыңайтқыш жүйесі; тұқым шаруашылығы жүйесі; өсімдікті қорғау жүйесі; сулы және желді эрозиямен күресу шаралар жүйесі; танапты қорғау үшін ағаш егу;
Ғылыми негізделген егіншілік жүйені қолдану - Қазақстандағы өсімдік шаруашылығының өркендеуінің негізгі шарттарының бірі. Тек салаларды интенсивтендірудің өзі өсімдік шаруашылығының өнім өндірісін жоғарылатуға мүмкіндік береді, өйткені ауыл шаруашылығында жер алқаптары, әсіресе жыртылған жердің көлемі шектеулі. Соңғы жылдары егістік ауданының халық басына келетін үлесі төмендеген.
Егіншіліктің кез-келген жүйесінің негізі ауыспалы егіс жүйесі болып табылады. Бұған егісті, көкөністі, шалғын жайылымды, фермалар жаны, топырақты қорғау және т. б. ауыспалы егістер жатады. Ғылыми негізделген ауыспалы егістер топырақтың сулы - ауалы режимін жақсартады, оны өңдеудің ұсынылған жүйесін енгізуге, тиімділігі жоғары техникаларды, органикалық және минералды тыңайтқыштарды, өсімдікті қорғау құралдарын қолдануға жағдай жасайды. Ұтымды жасалған ауыспалы егіс жыл бойы ауыл шаруашылық кәсіпорындарында материалдық және еңбе

Страницы: <<  <  1 | 2 | 3 | 4  >  >>
Рейтинг
Оцени!
Поделись конспектом: