майырға
Сібірге кеттің айдалып - дейді.
Бейнең қандай болды екен
Қарасаңшы бір мезгіл
Қолдарыңа айна алып - дейді.
Бұл жерден туған жерге деген тарихи мәнді, тәрбие құндылықты көреміз.
3. "Еспенбет" дастанын оқытамын, мазмұндық талдау жасаймыз.
- Дастан деген ұғымды қалай түсінеміз?
- Дастан - (парсы сөзі - тарихи әңгіме, батырлар жыры)
Ертегі сюжеттерінің, аңыз, хикаялардың әдеби өңделген түрі.
Бұл дастанның басты тақырыбы - ерлік, туған жеріне оралып, еліне қамқор бола білген батырдың жан қияр ерлігі мен көзсіз батырлығы.
- Батыр дегеніміз кім?
- Қандай батырларды білеміз?
Бұл батырлардың осы күнге дейін ел есінде қалып, әдебиет әлемінде жүру себебі: әр батырдың өз ерлігі, қайталанбас тарихының болуы.
- Ал, оқушылар, Еспенбет батыр жайында естігендерің бар ма?
- Ендеше, мен бүгін сіздерді Еспембет батырмен, оның ерлігімен таныстырайын. Тыңдайық.
Ертеде Сыбан руынан шыққан Жарасқұл деген қарттың Еспенбет атты немересі болады. Міне, осы Еспенбет жас күнінде әке - шешеден бірдей жетім қалып, уақ руынан шыққан Ер Қосай атты батыр нағашысының қолында ер жетеді. Қосай жиенді бөтен санамайтын салт бойынша Еспенбеттей ұрпағын өте жақсы көргендіктен, оған жетімдік тауқыметін көрсетпей өсіреді. Ер жеткенде қалыңдық әперіп, басына үй тұрғысып, алдына мал бермек ойда жүреді. Күндердің бір күнінде қатарластарынан ойлы, намысы күшті, арманы биік Еспенбетті тумысы бөлек Ақбөрте атты құлын ерлік арманға жетелейді. Бар арман мақсаты - тұлпар мініп, қару асынып, атасы салған ізбен жүріп, өзі туған Сыбан еліне оралу болатын. Ендігі ойы "Ит тойған жеріне, ер туған жеріне" деген халық даналығын еске алып, алыстағы ата жұртына кеткісі келіп жүреді. Ер Қосай атасы оның бұл күйін байқап, өзіне шақыры
Страницы: << < 2 | 3 | 4 | 5 | 6 > >>