Дулат Бабатайұлы

Страницы: <<  <  1 | 2 | 3 | 4  >  >>

, 1962) деген жинақта, кейін "Үш ғасыр жырлайды" (Революцияға дейінгі қазақ ақындарының шығармалары. А. , 1965) жинағында басылып шықты. Ал, "Еспембет" поэмасы алғаш рет 1957 жылы "Жұлдыз" журналының 5-нөмірінде жарияланды. Дулат шығармаларын барынша зерттеп, жинап баспаға әзірлеген Қ. Өмірәлиев болды. Ақынның жеке жыр жинағы "Замана сазы" деген атпен 1991 жылы жарық көрді. Дулаттың өлең-жырларының басты сарыны -- 19 ғасырдың алғашқы жартысындағы отаршылдық әрекеттерге рухани қарсылық көрсету. Ақын "Тегімді менің сұрасаң", "О, Сарыарқа, Сарыарқа", "Асқар таудың сәні жоқ", т. б. жырлары мен жеке кісілерге айтқан "Сүлейменге", "Бараққа", "Кеңесбайға", т. б. арнау өлеңдерінде қазақ жерінің отарлануын, ел билеушілердің отаршыл саясаттың шылауында кетуін "Сауыр жерден айрылып, Қазақ елі жұқарды. . . , Орыстың көрсе ұлығын, Қыздан дағы қылықты. . . , Майырдың алса бұйрығын, Борбайға қысып құйрығын, Ел пысығы жортады", -- деп, кекті де отты жыр жолдарына айналдырған. Д-тың ақындық өнері, негізінен, 19 ғасырдың алғашқы жартысында қалыптасты. Осы кезеңнің өмір шындығы Дулат шығармаларына арқау боп өрілді. Қазақ даласындағы дәстүрлі хандық басқару жүйесін жою саясатын орнықтырған Ресей империясының 1822 -- 1824 жылдары шығарған Қазақ даласын басқару жөніндегі ережелеріне қарсылық Дулат шығармаларының тақырыптық, стильдік, жанрлық ерекшелігін айқындады. Дулаттың уытты, шыншыл сөздерінің кімдерге арналғанын оның: "Халыққа емес сыйымды, Парақор баспақ биіңді, Ел бүлдіргіш бегіңді, Улы тілмен улаттым", -- деген өлең жолдары көрсетіп тұр. Дулат өзінің "елге қорған ер туса" деген идеясын халыққа жеткізу үшін, қазақ-қалмақ соғысы тұсындағы сюжетті алып, "

Страницы: <<  <  1 | 2 | 3 | 4  >  >>
Рейтинг
Оцени!
Поделись конспектом: