;Еспембет" поэмасын жазған. "Еспембет" жанрлық ерекшелігі жағынан батырлық эпосқа жақын. Елдік, елдің батыр ұлдары туралы идея "Еспембеттей ер қайда?, Ер күтетін ел қайда", -- деп басталатын ірі туындыда айқын көрініс тапқан. Дулаттың бұдан басқа "Шаштараз", "Тымсал өлең" атты ірі шығармалары бар. Дәріс оқу. Ақынның өмірі мен шығармашылымен таныстыру.
2. Оқушыларға ақынның өлеңдерін оқыту, өлеңдерінің мазмұнын ашу.
Атамекен - адамның ата - бабаларынан кіндік қаны тамған, өсіп-өнген жері екендігін, сондықтан адамның туған жерді дүниедегі ең қымбатты, ең қасиетті, ең аяулысын анасына балаған.
ХІХ ғасырдың орта тұсына қарай патша отаршылдары елді құт қонысынан ысырған тұста шығарған өлеңдерінде туған жердің ендігі тағдыры үшін қан жылаған ақын жүрегінің күйініші үлкенсуреткерлік қуатпен бейнеленген. Дулат өзінің "Аягөз қайда барасың?" өлеңінде тамаша, осы жердің көркем келбетін кестелі тілмен суреттей отырып "осынау, атамекен, құт берекелі көркем қоныс еді, енді кімдікі - деп сұрақ қояды.
Сол арқылы жұрттың туған жерді сүю, қорғау түйсігін оятып, оның қазіргі жағдайын шамырқандырмақ болды?
1. Ақын Аягөз өлеңімен оның шүйгін де жемісті өңірін маржандай таза шұрайлы тілмен бедерлеп, құлпырған суреттермен тыңдаушыны елітіп, кенет сөз ағысын бұзып
Айтуға ауыз келе ме,
Аягөз кімнің жері еді?
Жер сауырын жайлайды
"Ел сауыры " деп еді; -
деп Аягөздің сол кездегі күніне оралтады. Өлеңді оқып ғажайып жердің табиғатына табиғатына тәнті болған да, "осы өкінішке кінәлі, жауапты кім?" - деп сұрақ қояды.
Бұған кінәлі би, старшын ұлықтарға жағымды болған аға - сұлтан қазылар екенін айтады:
Жеріңнің алды шұрайын,
Дуал салып жайласып!
Датыңды айтсаң
Страницы: << < 1 | 2 | 3 | 4 | 5 > >>