Дұрыс тамақтану – денсаулықтың кепілі

Страницы: 1 | 2 | 3  >  >>

Ұйымдастырылған оқу-іс әрекеті
Білім беру салалары: "Әлеумет", "Денсаулық"
Бөлімдері: "Қоршаған ортамен танысу", "Дене шынықтыру"
Тақырыбы: "Дұрыс тамақтану - денсаулықтың кепілі"
Мақсаты: Балаларды дұрыс тамақтану мәдениетімен таныстырып, денсаулық құндылығы, дұрыс тамақтану ережелері туралы түсініктерін кеңейту . Адамның ағзасына қажетті тағамдық заттардың ерекшелігін, дәрумендердің денсаулықтағы адам өміріндегі маңызын түсіндіру. Денсаулықты күтуге, дұрыс тамақтана білуге,салауатты өмір салтын ұстануға тәрбиелеу.
Шаттық шеңбері:
Денсаулық ол- шыныққан
Барлық денең мүшесі.
Денсаулық ол тыныққан
Жүйке тамыр жүйесі.
Басты байлық-денсаулық
Сақта жолын сен тауып,
Осы шақтан балалық
Тәрбиеші: - "Бірінші байлық - денсаулық" деп тегін айтпаған. Денсаулық мықты болу үшін не істеуіміз керек?
Балалар: - Спортпен шұғылдану керек. Таза ауада қыдыру керек. Дұрыс тамақтану керек.
Тәрбиеші: - "Дұрыс тамақтану - денсаулық кепілі" Тамақтану-адам ағзасы үшін аса маңызды қажеттілік. Адамның денсаулығы көбінесе қалай тамақтанғанына байланысты. Сондықтан дұрыс тамақтана білу керек.
Сезім: Дұрыс тамақтануға
Әңгіме біз жүргіземіз
Ақыл - кеңес сіздерге
Әрине біз береміз!
Тамақ ішер алдында
Не жеу керектігін де
Ойланып алу керекпіз!
М. В: - Да конечно правильно говорит Сезім, а для этого надо подготовить наш организм к пище , я предлагаю вам сделать массаж.
Тәрбиеші: Дұрыс тамақтанудың басты тағамдары көкөністер мен жемістер болып табылады. Енді менің жұмбағымды тауып көріңдер.
1) Қалың киімді ұнатады,
Шешіндірсең жылатады. (Пияз)
2) Бұл не деген көп киім,
жетпіс қабат көп киім.
Жаңбыр

Страницы: 1 | 2 | 3  >  >>
Рейтинг
Оцени!
Поделись конспектом: