Дұрыс тамақтану – денсаулықтың кепілі

Страницы: <<  <  1 | 2 | 3 | 4  >  >>

одан өтпейді,
қабат-қабат тоны бар,
түймелеуге жетпейді. (Қырыққабат)
3) Сырты жасыл, қап-қатты,
Іші қызыл, тәп-тәтті. (Қарбыз)
4) Жер астына түседі,
Сап-сары боп піседі (Сәбіз)
5) Үстіне тігіп көк шатыр,
Астында қызыл дәу жатыр (қызылша)
Тәрбиеші: Көкөністермен жемістер
Жиыла қалып дауласты.
Адамдарға пайдасын
Айтуға олар тырысты





Сценка "Көкөністер мен жемістер дауы"
Айлин: Мен алмамын, алмамын,
Денсаулыққа пайдамын.
Сусынымды ішсеңіз,
Көп ауруды жазамын.
Қызылша: Мен де бір сөз айтайын,
Айару: Мақтанайын сіздерге
Менсіз борщ болмайды,
Винегретте үстелде.
Қырыққабат: Мақтанғаннан не пайда?
Алихан: Менсіз дәмді щи қайда?
Мені қосса самсаға,
Бәрі жейді тамсана!
Пияз: Боламын мен демдеуіш,
Аңсар: Барлық- барлық тағамға.
Көкөністер ішінен
Мен пайдалы адамға.
Сезім: Мен сәбізбін, сәбізбін,
Емдік қасиет беремін.
Көп ауруды жазамын,
Емделем десең әзірмін.
Шие: Мен шиемін шиемін,
Медина: Күннің көзін сүйемін.
Қышқыл шырын менде бар
Төмене басты иемін
Асқабақ: Жиналып қаппыз бәріміз,
Жансая: Қайсымыз ең дәмдіміз?
Ішімізден адамға
Тиеді көп пайдамыз?
Жүр-ші: Бос айтысты қойыңдар, дауласуды тоқтатыңтар.
Жемістер мен көкөністер,
Денсаулыққа пайдалы,
Мұны жатқа біліңдер,
Оларды жақсы көріңдер!
Тәрбиеші: - Балалар біздің жейтін тамақтардың құрамында не кездеседі?
Илияс: - Біздің жейтін тағамдар құрамында көмірсулар, майлар, ақуыздар және дәрумендер болады.
Тәрбиеші: - Сендер қандай дәрумендерді білесіңдер?
Балалар: - А,В,С,Д,Е
Тәрбиеші: - Дәрумендер мен сендерді ортаға шақырамын.
Бастар

Страницы: <<  <  1 | 2 | 3 | 4  >  >>
Рейтинг
Оцени!
Поделись конспектом: