Дұрыс тамақтана білесің бе

Страницы: 1 | 2 | 3  >  >>

Сабақтың тақырыбы: Дұрыс тамақтана білесің бе?
Білімділік : Жас ұрпаққа дұрыс тамақтанудың денсаулық үшін маңыздылығын түсіндіру, салауатты өмір салты жөніндегі ұғымдарын кеңейту;

Дамытушылық: Ой-өрістерін, есте сақтау қабілеттерін дамыту, дүниетанымын, пәнге деген қызығушылығын арттыру;

Тәрбиелік: Оқушыны шымыр да шапшаң, ұқыпты да жинақы болуға, дұрыс тамақта білуге тәрбиелеу.
Көрнекілігі: Тамақтануға байланысты мақал-мәтелдер, плакат-суреттер, презентация, видео.

Сабақтың әдісі: Түсіндіру, сұрақ- жауап, көрнекілік әдісі.

Сабақтың түрі: жаңа білім сабағы.

Сабақтың өткізілу барысы:

І. Ұйымдастыру кезеңі:
Амандасу
Топтар бір-біріне сәттілік тілейді
ІІ. Сабақтың мақсатымен таныстыру
ІІІ. 1. Видео "Дұрыс тамақтану туралы"
2. Қойылым "Дұрыс тамақтану"
-Бүгін біздің студиямызға Қазақ Тағамтану академиясының аға ғылыми қызметкері Ерлан Айсұлу келіп отыр. Кош келдіңіз.
-Сәлеметсіз бе.
- Артық салмақтан зардап шегіп жүрген балалар кез келген ортада бар. Ондай балалардың көбі "мен семізбін" деген комплекспен өмір сүреді. Мұндай ой баланы өз ортасынан алшақтатады. Дене сымбатына көңілі толмау, достарынан үнемі өзін төмен санау да балаға психологиялық жүк. Артық салмақтан қалай арылуға болады?
- Артық салмақтан арылудың және қалыпты салмақты ұстап тұрудың бірінші жолы - ешқашан ашықпау және таңғы асты міндетті түрде ішу. Ұзақ уақыт бойы аш жүру зиян. Мұның себебі, тамақ ішкен бойда ағза неғұрлым көп май қорын жинауға тырысады, себебі май - ағза үшін маңызды қуат көзі. Ал күнұзақ аш жүру артық тамақ жеуге итермелейді. Нәтижеде ағзамыз асты қорыта алмай, артық ас калориялы май түрінде жиналып отырады.
- Дене салмағын қалыпты ұстау үшін дұрыс

Страницы: 1 | 2 | 3  >  >>
Рейтинг
Оцени!
Поделись конспектом: