Достық туралы шығарма

Страницы: 1 | 2 | 3  >  >>

Достық туралы шығарма
Бір дос бар мұрныңнан қан кеткенше, Бір дос бар астыңнан тақ кеткенше, Бір дос бар басыңнан бақ кеткенше, Бір дос бар қораңнан мал кеткенше, Бір дос бар кеудеңнен жан кеткенше, - деген қазақ халқының бүгінгі замандағы достарының бейнесі осылардың қайсысынан табылады? Жалпы дос деген не? Өмірде достықтың алар орны қандай? Досың сені көрге сүйрей ме, төрге сүйрей ме? Менің өз ортамда сенімді адал досым бар ма? Осы сұрақтар кез келген адамды мазаламай қоймайды. Расында осы достық деген не? Алдымен соған тоқталайық. Біз дос туралы ұғымды мектеп қабырғасында жүргенде бастауыш сыныптан аңғарамыз. Мектепте ұстаздарымыз бізге достықтың құдіретін, қыр сырларымен таныстырады. Бұл жастағы балалар дос деген ұғымды сол қалпында сақтап, өмірде шын дос болады деп, өзі бірге ойын ойнайтын құрбысын өзінің досы деп санайды. Құрбыларымен ұрысып қалғанда құрбысын жақтап шығады. Анасы мектепте қарның ашса жейсің деп сөмкесіне салып берген бір үзім бөлкесін құрбысымен бөлісіп жейді. Иә бұл жағдай осыдан 10-15 жыл бұрын осындай еді. Ал қазіргі заманда 4 сыныпта оқитын бір қыз ойын ойнап жатқан қасындағы құрбысының үстіне қарап "кетші мен сенімен ойнамаймын, сенің киімің жаман", - деп көкірегінен итергенін өз көзіммен көріп таң қалдым. Яғни баланың санасы жастайынан осындай болып қалыптасып келеді. Оның ондай болып қалыптасуына не себеп? Солар біздің болашағымыз емес пе? Не кінәлі десеңіз бірінші орынға мен отбасын қояр едім. Себебі ол жанұясында не көрсе көшеде де соны істейді. Дастархан басында отқанда ата-анасы, аға-әпкесі бір-бірімен үлгі боларлық дүниелер жайында емес, баларының сабағын сұрағанда, үлгерімі жақсы оқушылармен дос бол, пәленшемен дос болма ол нашар киім киіп жүреді, сабағын да жақсы оқимайды. Иә ол жаман киім киеді, үлгерімі жақсы емес, а

Страницы: 1 | 2 | 3  >  >>
Рейтинг
Оцени!
Поделись конспектом: